«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ғылыми басылымның жетістігі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Eurasian Journal of Physics and Functional Materials” ғылыми жур­налы “Digital Commons Elsevier” плат­формасында шығарыла бас­тады.

“Elsevier” әлемдегі ең ірі ғылыми баспалардың бірі және дүние­жү­зін­дегі ғылыми журналдардың барлық ма­қаласының төрттен бірін шыға­рады.

“Eurasian Journal of Physics and Functional Materials” журналы Еура­зия ұлттық университетінде 2017 жылдан бастап ағылшын тілінде шы­ғарылады. Ғылыми басылымның ма­қалалары “Scopus” халықаралық ғылыми деректер базасына енгізілген.

Аталған журнал ядролық физи­ка, жоғары энергия физикасы, бала­малы және сутегі энергетикасы және тағы басқа саладағы ғылыми зерт­теулердің нәтижелері туралы материалдарды қамтиды.

Журналдың халықаралық редак­ция алқасының құрамына Қазақ­стан, Ресей, АҚШ, Франция, Жапо­ния, Финляндия, Швеция, Италия, Өз­бекстан, Англия ғалымдары, сон­дай-ақ CERN және Біріккен ядролық зерттеулер институты сияқты әлем­дік деңгейдегі ғылыми ұйымдар кіреді.

“Elsevier” компаниясының өзі жур­налды базаға қосу және элек­трон­дық нұсқасын шығару туралы ұсы­ныс жасаған екен. “Elsevier” плат­фор­масында “Eurasian Journal of Physics and Functional Materials” журналы­ның жариялануы басы­лым­ның ғана емес, Қазақстанның бүкіл ғылыми қоғамдастығының да­муы үшін жаңа мүмкіндіктер ашпақ.

Ләзиза МЫРЗАНТАЙҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp