«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мұғалім қанша күн демалады?

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қоғамда “мұғалім­дер­дің еңбек демалысы екі айға жуық, сәйкесінше көп ақша алады”, – деп пе­дагогтардың жалақы­сын есептеп жүретін­дер аз емес. Педагогтар үшін ең маңызды әлеу­меттік кепілдіктердің бірі – жыл сайынғы ақы­лы еңбек демалысына шығу уақытының ұзақ­тығын белгілеу.

Оның ұзақтығы барлық педагог үшін 56 күнтізбелік күнді құрап отыр. Педагогтарға жыл сайынғы ақылы еңбек демалы­сының 2 түрі – негізгі және қо­сымша берілетінін атап өткен жөн.

Қосымша демалыс эколо­гиялық қолайсыз және радиа­ция­лық қаупі бар аумақтарда тұратын педагогтар үшін қарас­тырылған. Оның ішінде эколо­гиялық қолайсыз аумақтарда тұ­ратын педагогтар үшін қосымша демалыстың ұзақтығы 7 күннен 12 күнге дейінгі, ал радиация­лық қауiптi аумақтарда тұратын педагогтар үшін 5 күннен 14 күнге дейінгі мерзімді құрайды. Демалыс уақытына түскен мереке күндері еңбек демалысына кірмейді. Еңбек демалысын бе­ру кезінде нақты жұмыс іс­теген уақыт қана есепке алы­нады.

Еңбек демалысын беру ке­зінде сауықтыруға арналған жәр­демақы лауазымдық жала­қы мөлшерінде төленеді. Са­уықты­ру жәрдемақысының мөл­шерін есептеу педагогтың демалыс берілген күнгі нақты жүк­темесін ескере отырып, лауазымдық ақы мөлшерінде жүр­гізіледі. Мұн­да қосымша ақылар мен үстемеақылар есептелмейді.

Педагог қосымша жұмысты немесе уақытша болмаған қыз­меткердің міндеттерін өзінің негізгі жұмысынан босатылмай орындаған жағдайда бұл лауа­зымдарды қатар атқару болып табылады. Мұндайда сауық­тыруға арналған жәрдемақы педагогқа негізгі лауазымы бо­йынша ғана төленеді. Егер пе­да­гог қосымша жұмысты ла­уазымдарды қоса атқару тура­лы жеке еңбек шарты бойынша негізгі жұмыстан бос уақытында атқарса, сауықтыруға арналған жәрдемақы негізгі жұмыс үшін де, қосымша жұмыс үшін де бө­лек төленуге тиіс.

Әсел ОРАЗБАЕВА,

облыстық білім басқармасының баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp