«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СОНЫ ӘДІСТЕРМЕН ТАНЫСТЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс орталығындағы На­зар­баев зияткерлік мектебінде “Білім берудегі зерттеулер: ақыл-ойды дамыту арқылы әлемді өзгерту” атты ғылыми-пе­дагогикалық конференция өтті. Жиынға білім беру сала­сын­дағы жетекші педагогтар мен сарапшылар қатысып, оқы­ту­да­ғы тың әдістерді талқы­лады.

– Бүгінгі басты тақырып – STEAM әдістемесі. Ауыл, қала мектептері кабинетке тәуелді болмауы керек. Жалпы шектеу болмауы тиіс. Мұғалімдер білім беру үдерісін қиындатпай, қара­пайым дүниелерді қол­дана оты­рып, сабақты жеңіл түсіндіргені жөн, – деді Steam.kz компания­сының ди­ректоры Абзал Ақбарұлы.

Бұл жиынға Көкшетау қаласының Назарбаев зияткерлік мектебінің директоры мен педагогтары арнайы келді. Қатысушылар жиында педагог­тардың кәсіби даму мәселесін талқылап, білім беру саласын­дағы соңғы өзгерістер мен зерт­теулерді атап өтті.

– Шарада қызықты, маз­мұнды жұмыс үлгілері көрсе­тілді. Оқушыларды тәрбиелеу, тұлғалық жағынан дамыту әдіс­терімен таныстық. Әрине, бұл әдістердің біреуін білсек, бі­реуін білмейміз. Болашақта оны өз жұмысымызда қолда­намыз, – деді Ә.Досмұхам­бе­тов атында­ғы облыстық дарын­ды бала­ларға маманданды­рыл­ған гим­на­зия-интернатының педагог-психологы Гүлда­на Қалиева.

Сондай-ақ жиналғандар постер-сессияға да қатысты. Мектеп мұғалім­де­рі пе­даго­гикалық қызметтің жоғары стандарттарын көрсете оты­рып, өздерінің зерттеулері мен әзірлемелерін ұсынды.

Ләзиза МЫРЗАНТАЙҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp