ҚАҒАЗ ЖАСАУДЫ ҮЙРЕТТІ
Петропавлда Қазақстанның бес кәсіпорнынан 25 маман қысқамерзімді курсқа қатысып, қағаз өндірісіне қатысты білімдерін жетілдіріп жатыр. Облыстық кәсіпкерлер палатасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 2017 жылы “Радуга” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жанынан “Профресурс” орталығы ашылды. Бұл – қағаз өндірісі бойынша қысқамерзімді оқытуды жүзеге асыратын елдегі жалғыз оқу орны. Кәсіпкерлер палатасының қолдауымен ашылған орталық “Атамекен” Ұлттық кәсіпкерлер палатасының тізілімінде тұр. …