«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ДИҚАНДАР ДӘН СЕУІП БІТТІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс диқандары 4,5 млн. гектар алқапқа (оның ішінде 3,4 млн. гектары – дәнді, 751 мың гектары – майлы, 379 мыңы – жемшөп, 26 мыңы – картоп, 5 мыңы көкөніс дақылдар) дән сіңіріп, жоспар толық орындалды. Бұдан бөлек, 1,9 млн. гектар егістік 142,3 мың тонна минералдық тыңайтқышпен қоректендірілді. Барлығы 3 млн. гектар жерге 256,6 млн. тонна тыңайтқыш сіңіру, тұқым қорын 10 пайызға жаңарту белгіленген.

Өңірде үлкен жауаптылықты талап ететін көктемгі егісті ұйымшылдықпен өткізудің барлық мүмкіндіктері ойластырылған. Атап айтқанда, науқанға 12,7 мың әртүрлі маркалы трактор, 14 мың дән сепкіш, 1,5 мың жоғары өнімді егіс кешені тартылған. 219 машина-трактор шеберханасы құрылған.

Дизель отынының әр литрі 250 теңгемен босатылуда. Ауыл шаруашылығы саласын қолдауға 60,8 млрд., оның ішінде өсімдік шаруашылығын дамытуға 20,4 млрд. теңге қарастырылған.

Биылғы науқанның бір ерекшелігі, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін және экспортқа бағдарланған дақылдардың көлемі ұлғайтылды.

Анастасия ХАРЛАМОВА,

облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp