«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕКІ ДҮРКІН ЖЕҢІМПАЗ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Грекияның Патрас қаласында муайтайдан өтіп жатқан әлем чемпионатында солтүстікқазақстандық Шәміл Ермағамбетов алтыннан алқа тағынды. Ол 54 келі салмақта финалдық кездесуде ресейлік Меджит Тимаевты жеңді. Осылайша жерлесіміз екі дүркін әлем чемпионы атанып отыр. Өткен жылдың мамыр айында Бангкок қаласында (Тайланд) өткен жаһандық жарыста ол алғаш рет жеңімпаз болған.

Шәмілдің жаттықтырушысы Иван Ван-Хон-Тун шәкіртінің жеңісіне қуанышты екенін жасыра алмады. “Шәміл әлем чемпионатында үмітімізді ақтады. Төрт жекпе-жек өткізді және төртеуінде де жеңіске жетті. Алдағы уақытта бұдан да биік белестерге жетуіне тілектеспін әрі қолдан келгенше қолдау көрсетеміз. Ол әлі жас, алдамшы атақтарға алданып қалмауы керек, соны құлағына құюдамыз”, – дейді жаттықтырушы.

Сержан НҰРТОЛҚЫНҰЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp