«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Кәсібі — көлік жуу

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірде ауылдардағы кәсіп иелеріне арналған “Ауыл аманаты” бағдарламасы бойынша бірқатар жеңілдетілген несиелер берілген. Бүгінде олардың алды қаржыны игеріп, кәсіптерін дөңгелетіп отыр. Солардың бірі – Қызылжар ауданындағы Бескөл ауылында тұратын Айман Байділдаева. Ол өз ауылында көлік жуу орнын ашқан.

Айман Байділдаеваның көлік жуатын өз-өзіне қызмет көрсету орны жобасы бағдарлама аясында алғаш болып мақұлданған. Кәсіпкердің сөзінше, ол үш аптаның ішінде кеңес алып, қаржыны алып үлгерген.

– Жұбайым екеуіміз бұл ойымызды бұрыннан жүзеге асырғымыз келіп жүрген. Алғашында несие алмақ болдық, кейін бағдарлама туралы естіп, өтініш бердік. “Солтүстік” ӘКК-дан кеңес алып, қажетті құжаттарды жинадым. Жеңілдетілген несиеге қолым жеткенде қатты қуандым. Ол ақшаға қажетті құрал-жабдық сатып алдық. Алдағы уақытта қызмет ауқымын кеңейтуді жоспарлап отырмыз, – дейді Айман Байділдаева.

Кәсіпкер италиялық құрал-жабдықты Алматыдан алдырған. Бүгінде қызмет көрсету орнында бір уақытта 3 көлікке дейін жууға болады. Кәсіп иесі көлік жуу қызметін жыл бойы көрсетудің мүмкіндіктерін қарастыруда.

Өткен жылы өңірдегі “Ауыл аманаты” бағдарламасының операторы саналатын “Солтүстік” ӘКК жалпы құны 1,8 млрд. болатын 236 өтінішті мақұлдаған. Қызылжар ауданында бұл мүмкіндікті 45 адам пайдаланып, 398 млн. теңге жеңілдетілген несие берілген.

Диас АЯҒАН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp