«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тікелей эфирде — тәртіп сақшылары

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстікқазақстандық полицейлер “Жолда қабыл­дау” акциясын әлеуметтік желілерде тікелей эфир өткі­зуден бастады. Облыстық полиция департаментінің ме­диастудиясынан департаменттің “Instagram” желі­сіндегі ресми аккаунтында өткен тікелей эфирге бас­қармалар мен бөлімдердің басшылары қатысты.

Желі қолданушылар жол және техникалық инспек­ция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Назар Байматовқа Петропавл­дағы автокөлік жүргізушілерінің көкейінде жүрген қаланың кейбір көшелеріндегі, әсіресе Н.Назар­баев көшесіндегі қосарланған тұ­тас таңбалау сызығы туралы сұ­рақтарын жолдады. Назар Бай­матов бұл таңбаны қолдану тура­лы шешім көлік санының өсуіне байланысты қабылданғанын еске салды.

– Сондай-ақ тікелей эфир ба­рысында қоғамдық тәртіпті қамта­масыз ету, көлік құралдарын тір­кеу, көші-қон, азаматтық және қыз­меттік қару айналымы мәселеле­ріне де қатысты сұрақтар қойыл­ды, – деді облыстық полиция де­партаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Құрманғали Ысмағұлов.

Акция барысында басқарма бастықтары облыс аудандарына шығып, тұрғындармен жүздеспек. Адамдармен жүзбе-жүз кездесу ашықтық қағидатын тиімді іске асыруға және халықпен сенімді қарым-қатынас орнатуға мүмкін­дік береді.

Акция барысында солтүстік­қазақстандық полицейлер 47 сұ­раққа жауап берді. Тәртіп сақ­шылары сұрақтарды әлеуметтік желі­лердегі тікелей эфирде де, call-орталықтың 8 (7152) 32-00-19, 32-00-22 нөмірлері бойынша да қабылдайды.

Нұрбек БАЕКИН,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің аға инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp