«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘДЕП САҚТАУ – МІНДЕТ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 22 ақпандағы №814 Жарлығымен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі жаңа редакцияда бекітілді.

Әдеп кодексі мемлекеттік қыз­меткерлердің менталитетін жаңа­ша қалыптастыруға зор үлес қо­са­ры сөзсіз. Атап айтқанда, қо­ғамдық кеңістіктегі мемлекеттік қызметшілердің азаматтармен және әріптестерімен қызметтік қарым-қатынастағы, қызметтен тыс уақыттағы әдебінің стандарттарын қалыптастырады.

Әдеп кодексі жалпы ереже­лер, мінез-құлықтың жалпы стан­дарттары, қызметтен тыс уақыт­тағы мінез-құлық, қызметтік қа­тынастардағы мінез-құлық және көпшілік алдында, оның ішінде бұқаралық ақпарат құрал­дарын­да сөйлеумен байланысты мінез-құлық стандарттары деп аталған бес бөлімнен тұрады.

Әдеп кодексінің басты міндеті – сыбайлас жемқорлықтың және қызметтік әдеп нормаларын бұзу­шылықтардың, оның ішінде мем­лекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтардың ал­дын алуға бағытталған іс-шараларды әзірлеу, мемлекеттік қыз­метшілердің жауапкершілік дең­гейін арттыруды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдау, әдеп жөніндегі уәкілдердің қыз­метін үйлестіру және мемлекеттік органдардың тәртіптік комис­сия­ларымен өзара іс-қимыл мәсе­лелері бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу болып табы­лады.

Мәселен, мемлекеттік қызмет­шілер қарапайым болуға, жал­пыға бірдей қабылданған мо­ральдық-әдептік нормаларды сақ­тауға, шындыққа сәйкес келмей­тін мәліметтерді таратпауға мін­детті.

Сонымен бірге азаматтармен қарым-қатынаста әдептілік та­нытуы, дөрекілік, қадір-қасиетін кемсіту, әдепсіздік пен бейәдеп мінез-құлық фактілеріне жол бермеуі, өздерінің әрекеттерімен және мінез-құлқымен олардың тарапынан сынға себепкер бол­мауы тиіс.

Бәсекеге қабілетті мемле­кеттік қызмет жүйесінің қалып­тасуында мемлекеттік қызмет­ші­лердің кәсібилігімен қатар, олар­дың әдептілігі де маңызды. Себе­бі әдептілік мемлекеттік қызмет­тің басты ұстанымдарының бірі болып табылады.

Мемлекеттік қызметшілердің жұмысына баға беретін халық. Сондықтан әрбір мемлекеттік қыз­метші ең әуелі халыққа қызмет ететінін естен шығармай, өздері қа­былдайтын шешімдердің заң­дылығын, әділдігін қамтамасыз етуге, іс-әрекеттерімен қоғам та­рапынан сынға ұшырамауға, мем­лекеттік қызметтің беделіне нұқ­сан келтірмеу керектігін назардан шығармауға тиіс.

Жұлдыз ТӨРЕНОВА,

облыстық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp