Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов облыс орталығындағы Лазутин, К.Сүтішев, Болатбаев, Зеленая және Алтын дала көшелерін жөндеу жұмыстарын тексерді.
Биыл Петропавлда 53 көшеге асфальт төсеу жоспарланса, соның отыз тоғызында бұрын-соңды асфальт болмаған. Бұл көшелер негізінен Жұмысшы кенті, Борки және Орман сынды шеткі шағынаудандарда орналасқан. Облыс әкімі атқарылған жұмыстардың сапасын қатаң қадағалап, жаз күндерін тиімді пайдалануды тапсырды.
“Қала басшылығы мен аудан әкімдеріне қаңырап бос жатқан және қараусыз қалған ғимараттарды ретке келтіруді, меншік иелерімен қажетті жұмыстарды жүргізуді тапсырдым. Облыс орталығында қаланың көркін бұзатын ғимараттар болмауы керек”, –деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында.
Жалпы бес жыл ішінде Петропавлдағы барлық жолдарға асфальт төсеу жоспарланған.
Ләзиза МЫРЗАНТАЙҚЫЗЫ,
“Soltüstık Qazaqstan”.