Бұған дейін Қызылжар ауданындағы Надежка ауылында кешкі астан кейін бір отбасының екі бірдей баласы көз жұмғаны жайлы хабарлаған болатынбыз. Ал жансақтау бөліміне жатқызылған ана мен тағы бір баланың жағдайы жақсарып, палатаға ауыстырылды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Гүлнәр Қалиеваның айтуынша, қазір әйелмен психолог мамандар жұмыс істеп жатыр. Ал бала жұқпалы аурулар бөлімшесіне ауыстырылған.
Отбасы мүшелерінің нақты неден уланғаны белгісіз. Оны анықтау үшін сараптама жүргізілуде. Қорытынды осы аптада дайын болмақ.
Ләзиза МЫРЗАНТАЙҚЫЗЫ,
“Soltüstık Qazaqstan”.