Мағжан Жұмабаев ауданының 50 жастағы тұрғыны өндірісте жарақат алды.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, абайсызда жарақат алған ер адамды аудандық ауруханаға фельдшер жеткізіпті. Жұмысшының оң қолының басы астық жеткізетін иірмекте қалып қойған.
Ауруханаға түскен кезде ер адам көп қан жоғалтып, қолының басы мыжылып қалған. Дәрігерлер ота жасап, білек буынының негізін қалыптастырды. Травматикалық шок тоқтатылды. Науқастың жағдайы қазіргі уақытта орташа ауыр болғанымен, тұрақты. Оқиға туралы мемлекеттік еңбек инспекциясына хабар берілді.
Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,
“Soltüstık Qazaqstan”.