«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Балаларына қарыз

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда алимент төлеу­ден қасақана жалтарған 62 адам прокурорлардың бақылауына алын­­ған.

Жуырда қадағалаушы орган­ның бастамасымен “Бос жұмыс орындары” жәрмеңкесі өткізілді, оның мақсаты – алимент бойынша борышы барлар мен пробация қыз­метінде есепте тұрған адам­дарды жұмысқа орналастыру. Іс-шара нәтижесінде 15 адам жұмыс тапты.

Жалпы биыл прокуратураның үйлестіруімен 154 адам жұмысқа орналастырылған.

Атқа­рылған жұмыс нәтиже­сінде 21 бо­рышкер әкімшілік жа­уапкершілікке тартылды, жәбірле­нушілермен та­туласуына байла­нысты 2 адамға қатысты қылмыс­тық іс тоқтатыл­ды. Бұдан басқа, кә­мелетке тол­мағандардың істері жө­ніндегі ма­мандандырылған аудан­аралық сотының үкімімен бір бо­рышкерге 1 жылға бас бостанды­ғын шектеу түріндегі жаза қолда­ныл­ды”, – дейді прокуратура өкіл­дері.

Самрат ҚҰСКЕНОВ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp