«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘР СУРЕТТЕ — БІР ТАРИХ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бейнелеу өнері музейінде “Кенептен түскендер” көрмесі ашылды. Онда белгілі қазақстандық суретшілердің өткен ғасырдың 60-80 жылдары салған суреттері қойылған.

Белгілі суретшілер Иван Стад­ничук, Мухит Калимов, Ни­колай Наседкин, Баки Урманче, Ольга Кужеленка, Леонид Леон­тьевтардың туындылары өткен ғасырдағы ел өмірінен сыр шер­теді. Онда сол кезең­дегі халық тұр­мысы, оқиғалар мен адам­дар бейнеленген. Осылайша ұйымдасты­рушы­лар өнердің уа­қыт шектеуіне де бағынбайтын күш екенін көр­сеткілері келген.

Көрмеге портрет жанрын­дағы 29 туынды қойылған. Мұн­дағы портреттердің кейіп­кер­лері де әртүрлі. Көрген адамға ой са­лады. Аталған көрменің тағы бір ерекшелігі – суреттегі кейіп­кер­лерді шара барысында соған ұқсас әртіс­тердің бей­нелеуінде. Портрет­тердегі бей­нелерді Н.По­годин атындағы облыстық орыс дра­ма театры­ның Ринат Имаилов же­текшілік ететін “Ти­шина Заку­лисья” жас­тар сту­дия­сының мүшелері жандандырды.

– Мұндағы әр суреттің өз тарихы бар. Жасанды ин­телектің пайда болуымен сурет өнерінің болашағына алаң­дау­шылық білдірушілер көбейді. Нейрожелілер кез келген суретті жоғары сапада салып бе­руге қабілетті. Алайда мұндағы картиналар жанды. Шынайы өнер сонысымен де құнды, – дейді көрмені тамашалаушы­лардың бірі Мансұр Нұралин.

Диас АЯҒАН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp