Петропавлда алимент төлеуден қасақана жалтарған 62 адам прокурорлардың бақылауына алынған.
Жуырда қадағалаушы органның бастамасымен “Бос жұмыс орындары” жәрмеңкесі өткізілді, оның мақсаты – алимент бойынша борышы барлар мен пробация қызметінде есепте тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру. Іс-шара нәтижесінде 15 адам жұмыс тапты.
Жалпы биыл прокуратураның үйлестіруімен 154 адам жұмысқа орналастырылған.
Атқарылған жұмыс нәтижесінде 21 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, жәбірленушілермен татуласуына байланысты 2 адамға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды. Бұдан басқа, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен бір борышкерге 1 жылға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза қолданылды”, – дейді прокуратура өкілдері.
Самрат ҚҰСКЕНОВ,
“Soltüstık Qazaqstan”.