«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тәртіп сақшысын ұрған

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірде діни алауыздықты қоздыру фактісі бойынша ұс­талған күдікті енді полиция қыз­меткеріне жұдырық ала жүгір­гені үшін де жауап бермек.

Облыстық полиция депар­таменті баспасөз қызметінің мә­ліметінше, тәртіп сақшылары интернет-кеңістікке монито­ринг жүргізу барысында діни ала­уыз­дықты қоздыру белгі­лері бар материалды анық­та­ған. Оны Есіл ауданының тұр­ғыны жа­риялаған.

Қазіргі уақытта осы дерек бойынша полиция сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Тергеу әрекеттері барысын­да аудан орталығының тұрғы­ны мән-жайды анықтау үшін по­лиция бөліміне жеткізілді. Тәр­тіп сақшылары тексеру мақса­ты­мен ер адамнан iPhone14 мар­калы ұялы телефонын бе­руді сұраған. Бірақ жергілікті тұр­ғын олардың заңды тала­бын елемей, құрылғыны сын­дыр­мақ болған. Полицейлер бұған жол бермепті, бірақ ер адам қызмет­керлердің бірінің бетінен ұрған.

“Күдікті ұсталды. Оған қа­тыс­ты алауыздықты қоздыру және билік өкіліне күш көрсету фактілері бойынша сотқа де­йін­гі тергеу жүріп жатыр. Ден­саулыққа келтірілген зиянның дәрежесін сараптама көрсете­ді”, – деді облыстық полиция де­партаменті бастығының орын­басары Асқар Мұхаметқалиев.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp