«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Әріптесіне абайсызда оқ атқан әскери қызметші сотталды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда Ұлттық ұлан­ның 6637 әскери бөлімі “Бүр­кіт” арнайы мақсаттағы бөлімше­сінің әскери қызметшісін абай­сызда атып өлтірген айыпталу­шыға сот үкімі шықты. Қылмыс­тық істі Ақмола гарнизонының әскери соты қарады.

Қазақстан Республикасы Әс­кери соты баспасөз қызметі­нің мә­ліметінше, Ұлттық ұланның “Бүр­кіт” арнайы мақсаттағы бө­лім­ше­сінің Е. есімді әскери қыз­метші­сіне қарумен жұмыс істеу ереже­лерін бұзу салдарынан абайсыз­да адам өліміне әкеп соқтырған факті бойынша айып тағылған.

Сотталушы Е. басқа әскери қызметшілермен бірге Ұлттық қа­уіпсіздік комитеті қызметкерлері­не жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге көмек көрсету үшін механик-жүргізуші, сержант Чу­жи­ков басқарған қызметтік авто­көлікпен келген. Кейін қойылған міндеттерді орындау үшін ҰҚК өкілдерін күткен кезде Е. қызмет­тік автокөліктің артқы жолаушы­лар орындығында отырып, абай­сызда, қаруды қолдану ережеле­рін елемей, жүргізушіге кездей­соқ екі рет қарудан оқ атқан.

Салдарынан Чужиков ауыр жарақат алып, кейін ауруханада қайтыс болды.

Сот үкімімен әскери қызмет­ші Е. кінәлі деп танылып, оған 2 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қолданылды.

Сондай-ақ жәбірленуші өкіл­дерінің пайдасына 6 млн. теңге мо­ральдық зиян өтемақысы өн­ді­рілді. Сот үкімі заңды күшіне енді.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp