Бейнелеу өнері музейінде “Кенептен түскендер” көрмесі ашылды. Онда белгілі қазақстандық суретшілердің өткен ғасырдың 60-80 жылдары салған суреттері қойылған.
Белгілі суретшілер Иван Стадничук, Мухит Калимов, Николай Наседкин, Баки Урманче, Ольга Кужеленка, Леонид Леонтьевтардың туындылары өткен ғасырдағы ел өмірінен сыр шертеді. Онда сол кезеңдегі халық тұрмысы, оқиғалар мен адамдар бейнеленген. Осылайша ұйымдастырушылар өнердің уақыт шектеуіне де бағынбайтын күш екенін көрсеткілері келген.
Көрмеге портрет жанрындағы 29 туынды қойылған. Мұндағы портреттердің кейіпкерлері де әртүрлі. Көрген адамға ой салады. Аталған көрменің тағы бір ерекшелігі – суреттегі кейіпкерлерді шара барысында соған ұқсас әртістердің бейнелеуінде. Портреттердегі бейнелерді Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының Ринат Имаилов жетекшілік ететін “Тишина Закулисья” жастар студиясының мүшелері жандандырды.
– Мұндағы әр суреттің өз тарихы бар. Жасанды интелектің пайда болуымен сурет өнерінің болашағына алаңдаушылық білдірушілер көбейді. Нейрожелілер кез келген суретті жоғары сапада салып беруге қабілетті. Алайда мұндағы картиналар жанды. Шынайы өнер сонысымен де құнды, – дейді көрмені тамашалаушылардың бірі Мансұр Нұралин.
Диас АЯҒАН,
“Soltüstık Qazaqstan”.