«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 20.06.2024

Тың идеяларға — қаржылай қолдау

Биыл елде волонтерлік бас­та­ма­ларды жүзеге асыруға 70 млн. теңгеден астам қаржы бө­лінді. Аталған қаражатқа жастар бастамаларын іске асыру үшін 240 грант тағайындалып отыр. Жуырда аталған грант иегерлері жария болды. Мәдениет және ақпарат ми­нистрлігінің тапсырысы бойын­ша Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының мемлекет­тік гранты аясында 8 үкіметтік емес ұйым өтініштер қабылдап, үздіктерді анықтады. Осылайша елдегі 8 үкіметтік емес …

Тың идеяларға — қаржылай қолдау Read More »

Бағдар айқындалмай, болашаққа жол ашылмайды

Тәуелсіз мемлекеттің шынайы қуаты баршаға мәлім. Әрбір мемлекеттіліктің негізгі саяси құралы – бұл қоғам. Ал қоғам адамдардың жиынтығынан құралғандықтан, елдегі кез келген әлеуметтік-экономикалық үрдіс сол қоғамның бейімділік және әрекет ету қабілетінің жоғары деңгейде болуымен өлшенеді. Бұл кезекте қо­ғамның дамуына әсер ететін стратегиялық құрал жайлы айтып кеткен жөн. Идеология – адамзат тари­хында көптеген тарихи процес­тер мен …

Бағдар айқындалмай, болашаққа жол ашылмайды Read More »

Үздік түлектерге тарту

Жылдағы дәстүрге сай Жамбыл ауданын­да­ғы үздік түлектерге биыл да сый-сияпат та­бысталды. Игі шараның қолдау­шы­сы – жергілікті кәсіп­кер Екпін Әбиев. Биыл ол үздік мектеп бі­тіруші­лерге “Отбасы” банктің 100 мың теңгелік серти­фикаттарын сый­лады. 2018 жылдан бастап жыл са­йын кәсіпкер мектептердің үздік түлектеріне 100 мың теңгенің сертификатын беріп келеді. Бүгінде бұл игі дәстүрге айнал­ған. Алты жыл ішінде Екпін …

Үздік түлектерге тарту Read More »

Кітапсыз келешек жоқ

Кітап күйзелісті жазады. Бұл мәлімдемені нейрофизиолог Дэвид Льюис бастаған ғалымдар тобы дәлелдеді. Ғалымдар алдымен адамдарды әртүрлі стрестерге ұшыратты, содан кейін оны әртүрлі әдістермен емдеуге тырысты. Нәтижесінде стресті жеңудің ең тиімді тәсілі кітап оқу екендігін анықтады. Роберт Уилсон кітапты көп оқыған адамдардың есте сақтау қабілеті өзгелерге қарағанда жақсырақ болатындығын және кітап оқымайтын адамдар көрген-білгенін 48 пайызға …

Кітапсыз келешек жоқ Read More »

АТА-АНА БОЛУДЫ АНЫҚТАУ ТАЛАПТАРЫ

Баланың дүниеге келуі – кез-келген адамның өміріндегі маңызды оқиға. Бұл ата-ана мен бала арасында өмірдің әртүрлі салаларында – құқықтық, мә­дени, әлеуметтік қатынастарда байланыс орнатады. Құқықтық тұрғыдан алғанда, заңды түрде белгіленген балалардың шығу тегі өзара құқықтар мен міндет­тердің пайда болуының негізі болып табылады. Еліміздің “Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы” Ко­дексіне сәй­кес, бала туғаннан кейін бірден тіркеледі …

АТА-АНА БОЛУДЫ АНЫҚТАУ ТАЛАПТАРЫ Read More »

Екпе — ең тиімді тәсіл

Биылғы жылдың үшінші тоқ­са­нында 11 жастағы қыздарға адам папиллома вирусына қар­сы вакцина қою басталады. Бұл Қазақстан Республикасы­ның Ұлттық профилактикалық егу күнтізбесіне сай жүргізіл­мек. Облыста биыл 3638 қызға екпе қойылады деп жоспар­ла­нуда. Адам папиллома вирусы – сүйелі бар адамдарда болатын вирустардың кең таралған то­бы. Бұл вирустың жүзден астам түрі бар. Олардың көпшілігі қа­уіпсіз, тек 30-ға жуық …

Екпе — ең тиімді тәсіл Read More »

Шегірткеден қауіп бар ма?

Уәлиханов ауда­нын­­да ита­льяндық прус шегірткесі анықталды. Болжам бойынша зиян­кестің осы түрі 2 мың гектар алқап­қа жайылуы мүмкін. Егін алқап­тарын зерттеген мамандар одан қауіп жоқ деп отыр. Мамандардың айтуынша, ита­лиялық прустың дернәсілдері та­былмаған. Зиянкестердің көбеюіне көктемнің кеш келуі және маусым айының алғашқы онкүндігінің сал­қын болғаны кедергі келтірген. Де­генмен Ақмола, Қостанай, Пав­ло­дар облыстары және Ресей Фе­де­рациясымен шектесетін …

Шегірткеден қауіп бар ма? Read More »

Бюджет қаражатын жымқырған

Петропавл тұрғын үй қызметінің басшысы бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілігіп, оған қатысты тергеу басталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқор­лыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров хабарлады. Оның мәлімдеуінше “Петро­павл тұрғын үй қызметі” ЖШС-ның бұ­рынғы басшысы Болат Қажымұ­ратовқа бюджет қаражатын жеке бас пайдасына жаратты деген айып тағылып отыр. “Лауазымды тұлға кәсіпкерлік субьектілерімен алдын ала сөз …

Бюджет қаражатын жымқырған Read More »

АЗАМАТ БАР ЕЛ БАҚЫТЫН ОЙЛАЙТЫН

Қазақта “тон жағасыз, ел ағасыз болмайды” деген сөз бар. Мен бүгін өмір жолын баяндағалы отырған адам – Ғабит Мүсірепов ауданындағы аузы дуалы, сөзі уәлі ақсақалдардың бірі Иманбай Тасмағанбетов. Осы ауданда туып, табан аудармастан еңбек еткен, қажырлы қайраты мен ынтасының арқасында абыройы асқақтаған жан. Жасын да, тәжірибесін де бұлдамай, бәз біреулер секілді ел алдына шығамын деп …

АЗАМАТ БАР ЕЛ БАҚЫТЫН ОЙЛАЙТЫН Read More »

ӨНЕГЕЛІ ӨМІР

Бір ғасыр өмір кешу көп пе, аз ба оны ғалымдардың өздері де біле қоймас. Дегенмен, Крәмша ағамыз торқалы тойын өзінің отбасында, балалары, немере, шөберелерінің, туған-туыстарының, жерлестерінің, талай жыл бірге қызмет атқарған жолдастарының, іні-қарындастарының ортасында қарсы алып отыр. Бұл үлкен бақыт, үлкен қуаныш дер едім. Өзінің соңынан ілескендерге ағамыздың айтары да көп, берері де көп, себебі …

ӨНЕГЕЛІ ӨМІР Read More »

ҚҰПИЯСЫ КӨП “ҚЫЗЫЛ ОБА”

Уәлиханов ауданында орналасқан “Қызыл оба” қорымы ата-бабаларымыздың бұған дейін ғылымға беймәлім, ірі мәдени-саяси және сакралды орталығы болуы мүмкін. 2019 жылы ашылған ескерткішті ғалымдар XIV ғасырдың екінші жартысына тиесілі деп бағамдап, табылған мазарларда Жошы ханның ұрпағы жерленген болуы мүмкін деген пікір айтып отыр. Шыны керек, бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысында орта ғасырға тән ескерткіштер жоқ деген …

ҚҰПИЯСЫ КӨП “ҚЫЗЫЛ ОБА” Read More »

Тың тәжірибе, жаңа жәдігерлер

Қызылжар ауданы Долматово елді мекенінің маңында орналасқан Ақ Ирий қалашығында жұмыс істеген археологтар бұған дейін беймәлім болған бірегей құрылымдарды тапты. М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті баспасөз қызметінің мәліметінше, жоғары оқу орнының археологиялық экспедициясы Долматово ауылы маңында қазба жұмысын жүргізген. 1968 жылы белгілі археолог Анатолий Плешаков ашқан Ақ Ирий қалашығындағы далалық лагерьде 50-ге жуық студент ғылыми …

Тың тәжірибе, жаңа жәдігерлер Read More »

“АДАМНЫҢ АРЫ ТАЗА БОЛУЫ КЕРЕК”

– Жарасбай Қабдоллаұлы, сіз санаулы күндерден кейін 75 жастың биігіне көтерілесіз. Адам ғұмырының өлшеуішіне салып қарағанда аз жас емес. Артыңызға бұрылып қарағанда нені көресіз? Жүріп өткен жолыңызға көңіліңіз тола ма? Әлде “әттеген-ай” дейтін тұстар кездесе ме? – Әдетте әріптестеріміз жасы ұлғайған адамдармен әңгімелескенде осы сауалды алға тартып жатады. Былай алып қарағанда, бұл жан қинамайтын жеңіл …

“АДАМНЫҢ АРЫ ТАЗА БОЛУЫ КЕРЕК” Read More »

Жүйелі жұмыс

“AMANAT” партиясының аудандық мәслихаттағы депутаттар фракциясы және партиялық бақылау комиссиясының біріккен отырысында “Жол картасы” бағдарламасының орындалуы, тұрғындарды сапалы ауызсумен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Алқалы басқосуда аудан әкімі Елена Степаненконың бес айдағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша атқарылған жұмыстар туралы есебі тыңдалды. Баяндамашы өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, инвестиция тарту салаларына жеке-жеке тоқталып өтті. Биыл 4,2 млрд. теңгенің 23 …

Жүйелі жұмыс Read More »

Балабақшалардағы былық

Облыс прокурорлары балабақшаларда балалардың құқығы бұзылғандығын анықтады. Қадағалаушы органның мәліметінше, мектепке дейінгі ұйымдарды тексеру нәтижесінде бюджет қаражатын жымқыру, санитарлық және өртке қарсы ережелерді сақтамау фактілері белгілі болған. Айыртау ауданындағы мектепке дейінгі мекемеде 11,2 млн. теңге бюджет қаражаты ұрланған. Аудандық прокуратура “Сенiп тапсырылған біреудің мүлкін иемденiп алу немесе талан-таражға салу” бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастап, …

Балабақшалардағы былық Read More »

Қаржыландыру көлемі артқан

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен кезекті баспасөз мәслихаты МӘМС жүйесіне арналды. Өңір тұрғындарына қандай көлемде медициналық көмек көрсетілгені туралы “Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры” КЕАҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Айнагүл Дәулетшина баяндады. Бүгінгі таңда өңір тұрғын­дарына 52 жеткізуші медици­налық көмек көрсетеді, оның 28-і – мемлекеттік, ал 24-і – жеке орталықтар. – Биыл медициналық көмек­тің кепілдік …

Қаржыландыру көлемі артқан Read More »

БЕЛСЕНДІЛЕРГЕ — МАРАПАТ

Ақордада су тасқынымен күреске белсене атсалысқан азаматтарды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті. Мемлекет басшысы су тасқынымен күрес шараларына белсене атсалысқан ел азаматтарын марапаттау рәсімінде сөз сөйледі. Президент, ең алдымен, бұл бұрын ешқашан болмаған ең жойқын табиғи апат екенін атап өтті. Қазақстанның 10 аймағында төтенше жағдай жарияланды. Жалпы ел көлемінде 19 мыңнан астам тұрғын үйді су …

БЕЛСЕНДІЛЕРГЕ — МАРАПАТ Read More »

Сақтанбаған суға батады

Премьер-министрдің қатысуымен өткен Үкімет отырысында елдегі шомылу маусымына қатысты жағдай талқыланды. Ел бойынша 45 адам суға батып кеткен. Үкімет басшысы барлық облыс әкімдеріне су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін патрульдеуді күшейтуді тапсырды. Осы ретте өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов суға түсу маусымында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша жедел кеңес өткізді. Оған Петропавл қаласы және аудан әкімдері …

Сақтанбаған суға батады Read More »