«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Балабақшалардағы былық

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс прокурорлары балабақшаларда балалардың құқығы бұзылғандығын анықтады. Қадағалаушы органның мәліметінше, мектепке дейінгі ұйымдарды тексеру нәтижесінде бюджет қаражатын жымқыру, санитарлық және өртке қарсы ережелерді сақтамау фактілері белгілі болған.

Айыртау ауданындағы мектепке дейінгі мекемеде 11,2 млн. теңге бюджет қаражаты ұрланған. Аудандық прокуратура “Сенiп тапсырылған біреудің мүлкін иемденiп алу немесе талан-таражға салу” бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастап, тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Аққайың, Тайынша аудандарының балабақшаларында мемлекеттік тапсырыс туралы заң талаптарына қайшы, іс жүзінде балабақшада болмаған балаларға қызмет көрсету үшін ақы төленген. Яғни тәрбиеленушінің ауырғандығы туралы медициналық анықтама немесе ата-анасынан арыз болмаған, салдарынан бюджеттен 17 млн. теңге қаражат негізсіз алынған.

Облыстағы барлық дерлік балабақшаларда санитарлық және өртке қарсы ережелер сақталмаған.

Прокурорлық қадағалау актілері бойынша 11 лауазымды тұлға тәртіптік және 32-сі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 17 млн. теңге сомасындағы бюджет қаражаты өтеліп, заң бұзушылықтар жойылды.

Жалпы жыл басынан бері прокуратура 15 мың баланың құқығын қорғап, нәтижесінде 300-ден астам лауазымды тұлға түрлі жауапкершілікке тартылды.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp