«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Бағдар айқындалмай, болашаққа жол ашылмайды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Тәуелсіз мемлекеттің шынайы қуаты баршаға мәлім. Әрбір мемлекеттіліктің негізгі саяси құралы – бұл қоғам. Ал қоғам адамдардың жиынтығынан құралғандықтан, елдегі кез келген әлеуметтік-экономикалық үрдіс сол қоғамның бейімділік және әрекет ету қабілетінің жоғары деңгейде болуымен өлшенеді. Бұл кезекте қо­ғамның дамуына әсер ететін стратегиялық құрал жайлы айтып кеткен жөн.

Идеология – адамзат тари­хында көптеген тарихи процес­тер мен бетбұрысты оқиғаларға қол жеткіздіретін саяси қару тү­рінде қарастырылады. Дәл осы құралды тиімді пайданаланудың себебінен тарих беттерінде біз бір-біріне ұқсас емес шығарма­шы­лық пен дарындылықтың, бетбұрысты революциялық ой­лардың, ұлттық сана сезімдердің жандануын, индустрия мен тех­но­логиялардың дамуын, әлемдік деңгейдегі өзгерістердің пайда болуын байқай аламыз. Мысалы, ежелгі Қытай елінде б.з.б IV ғ. пай­да болған қоғамның бір ортақ идеологиясы – ұлттық бірізділік, халықтың күш-қуа­ты, бір-біріне көмектескені, ор­тақтыққа сенуі ғасырлар бойы елдің тірегі болып танылды, бұ­ның нәтижесі ретін­де біз бүгінгі таң­да қытай халқы­ның шектен тыс еңбекқорлығы, бірізділігі олар­ға XX ғ. отар елден дамыған индустриалды держа­ва­ға айна­лу­ға көмектескенін айта ала­мыз. Еуропадағы ежелгі және ор­та ғасырлар тұсындағы антропо­центризм, шіркеуге, яғни дінге сенушілік, кейін этно­центризм, жа­ғымды тұстағы ұлт­шылдық ағылшын, француз, испан, пор­тугал қоғамын кейінде әлемге үс­темдік етуге мүмкіндік туғызды. Бұл тарихи құбылыс әлі күнге де­йін жалғасын тауып, еу­ропалық ұлттардың индустриал­дық про­грес­ке шығуын және әлем­дік гео­саясатқа ықпал ете алу күштілігін көр­сетеді. Азия­дағы араб елде­рін қарастыратын болсақ, Ислам дініне шын жүрек­пен сену қоғам­ды консолида­цияға, яғни бірігіп, қуатты топқа айналдыруға мүм­кіндік берді. Дін мәселесін идео­логияға жат­қызбасақ та, бұл та­рихи үрдістегі ақиқатты өз­гертпейді. Яғни бай­қағанымыз­дай, кез келген тірек, ортақ ой белгілі бір қоғамды әрқа­шан­ да дамудың жаңа сатысына көтере алатындығын көреміз.

Ең алдымен кемел қоғамның белгілеріне тоқталып кететін болсақ, олар: көпшілік өз алдына жеке жауапкершілікті ала алады; көпшілік патриотизмді ұлылық идеясымен байланыстыра ала­ды, яғни өзінің қоғамына деген сенімділік, оның күштілігіне сену; көпшілік бір-біріне көмектесуден ұялмайды және жалықпайды, өйткені олар мінсіз қоғам құруға атсалысудың маңыздылығын түсінеді; әлсіздерді кемсіту, зор­лық-зомбылық көрсету, жануар­ларға қысым – мұның барлығын орындамауға келісімнің болуы; қоғамның инновацияға, прог­ресске ұмтылуы және оның ма­ңыздылығын түсінуі. Соңғы пункт бойынша белгілікті келіспеушіліктер туындауы мүмкін деп ойлаймын. Себебі адамдар мұны дұрыс түсінбей қалуы мүмкін. Шын мәнісінде бүгінгі таңда біз­дің қоғамның бір бөлшегі инно­вацияға ұмтылудың қажеттілігін әлі де аңғармаған. Бұл білім деңгейінің, адамның жеке ұмты­лыс кешенінің төмен екендігін көрсетеді. Осындай сананың арт­та қалушылығын түзету мақса­тын­да идеологияны жан-жақты дамыту қажет. Мем­лекеттің тірегі жастар келесі тұжырымдаманы аңғаруға тиіс: жаңашылдыққа ұм­тылыстың бір қыры мемлекеттік сипатта болуы керек, яғни әрбір біздің прогресс Отанымызды кү­шей­туге, оның сапасы мен дәре­жесін көтеруге қарау керек. Жеке ұмтылыстар тек қана жеке болып қалмауы тиіс. Әрбір алынған тәжірибе, жеңіс, жеңіліс қоғамға, мемлекетке пайдасын беруі қа­жет. Өзара ықтималды байла­ныс кейінде мемлекеттің саяси-экономикалық дамуына септігін ти­гізетініне күмән жоқ. Осы тұста жастардың прогресін шегеретін бір үлкен қауіп бар, ол – жем­қорлық. Дәл осы фактор көптеген жастардың ойын бұрмалап, се­німдерін өшіріп, өзге жаққа көшіп кетуіне әкеледі. Алайда жем­қорлық бұл – тек қана ақша жым­қыру емес. Бұл әлбетте жеке бай­ланыстар, жеке “сенімді” адам­дар болғандықтан, біздің жастар осыған қарсы тұруға дайын болуы қажет. Егер де мәселеге қол ұшын созбай, қиындықтан кетіп қалуға мүмкіндік туса, бұл қуатты мемлекет құруға кері әсер етеді. Сондықтан жағымсыз факторлар жастарды тек ынталан­дыруы керек. Ой-сананың түбін­де елге деген жанашырлық, оған көмектесу, дамыту идеялары жоғары тұруға тиіс.

Жастар мемлекетке пайда­сын даңқ, инновация, жетістік арқылы келтіруі абзал. Өйткені алдында айтып кеткендей бүгінгі таңдағы бәсекелестік осындай ықтималды қағиданы ұстануға итермелейді. Біз қоғам ретінде Отанымыздың ин­новациялық дамуына септігімізді тигізуіміз керек. Ол сүйіспеншілік кез келген қауіптерге қарсы тұруға көмек береді. Біз елдің тірегі ретінде күшімізді жаңашыл­дықтарға ұмтылуға, жаңа техно­логияларды игеруге, оны мем­ле­кет пайдасына жұмсауға, өзімізді өзгелерге мысал бола алатын­дай етіп тәрбиелеуге жұмылуы­мыз керек. Ортақ идея – елді біріктіреді, барлығы бір мақсатқа жұмыс істеудің өзі – елімізде көп­теген мәселелерді шешеді. Ау­малы-төкпелі заманда бағдары­мыздан жаңылмай, жарқын бо­лашаққа бет түзеу үшін алған ба­ғытымыз дұрыс болуы керек.

Сарыхан ДҮЙСЕНБАЙ,

М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дың тарих мамандығының студенті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp