«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БЕЛСЕНДІЛЕРГЕ — МАРАПАТ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ақордада су тасқынымен күреске белсене атсалысқан азаматтарды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті. Мемлекет басшысы су тасқынымен күрес шараларына белсене атсалысқан ел азаматтарын марапаттау рәсімінде сөз сөйледі. Президент, ең алдымен, бұл бұрын ешқашан болмаған ең жойқын табиғи апат екенін атап өтті. Қазақстанның 10 аймағында төтенше жағдай жарияланды. Жалпы ел көлемінде 19 мыңнан астам тұрғын үйді су басты.

– Сын сағатта еліміз ырысты ынтымағын танытты. Біз табиғи апат кезінде жұрт болып жұмылдық. Біртұтас ел екенімізді көрсеттік. Құтқарушылар, әскерилер, ішкі істер органдары мен әкімдік қызметкерлері тәулік бойы жұмыс істеді. Олар Отан алдындағы парызын мінсіз атқарды. Бір сөзбен, антқа адал болды, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев топан сумен күреске күштік құрылымдардың 63 мыңнан астам қызметкері атсалысқанына назар аударды. Құтқару операциясы барысында 120 мыңнан астам адам, оның ішінде 40 мың бала қауіпсіз жерге көшірілді.

– Бұл – құтқарушылар мен ұшқыштардың қажырлы еңбегінің нәтижесі. Әбіш Кекілбаев “Елін сүйген азаматқа ең үлкен қайғы – өз халқының тағдырынан тыс қалу” деп айтқан. Ұлттық еріктілер желісі табиғи апат болған сәттен бастап ерекше белсенді болды. 50 мыңнан астам волонтер көмек керуендерін ұйымдастырды. Олар апат аймақтарына азық-түлік және басқа да қажетті заттарды жеткізуге атсалысты. Қазақстан халқы Ассамблеясының “Жүректен жүрекке” акциясы ортақ іске мол септігін тигізді, – деді Президент.

Президенттің айтуынша, су тасқыны кезінде халқымыз бірлігі бекем, ынтымағы берік ел екенін көрсетті.

– Алапат су тасқындап келіп қалғанда, отандастарымыз та­би­ғат апатымен күресіп жатқан құтқарушыларға көмек қолын созды. Олар су басқан аймақ­тарда жауапты қызмет мекеме­леріне жәрдемдесіп, жанқияр­лықпен әрекет етті әрі батыл­дық танытты. Көбі адамдар мен жануарларды өз көліктерімен қауіпсіз жерге алып шықты. Мың­даған жанашыр азамат тасқын судан қорғайтын бөген салуға қа­тысты. Ортақ күш-жігердің арқасында біз жағдайдың ушығып кетуіне жол бермедік, – деді Қа­сым-Жомарт Тоқаев. Сонымен қатар Мемлекет басшысы өзде­рін нағыз отаншыл әрі жауапты азамат ретінде көрсеткен ерікті­лердің еңбегін жоғары бағалап, оларды қазіргі заманның батыр­лары деп атады.

Президент баспанасыз қал­ған адамдарға “Қазақстан хал­қына” қорынан тұрғын үй салуға қаражат бөлінгенін айтты. Жал­пы 2200-ден астам үй салынады. Сондай-ақ 10 мыңға жуық бас­­пана күрделі жөндеуден өтеді.

– Тасқынның зардабын жою­ға бірқатар кәсіпкеріміз қомақты қаражат бөлді. Олар әрдайым туған елімен бірге екенін нақты іс­пен дәлелдеді. Ұлт мүддесіне сай жауапкершілігі мол кәсіп­кер­лік дегеніміз – осы. Әрине, қалыс қалған кәсіпкерлер де аз емес, олардың кім екенін де жақ­сы бі­ле­міз. Біз ешкімді мәжбүр­леген жоқпыз. Әркім өз таңда­уын жа­сады, – деді Мемлекет басшысы.

Бұдан кейін Мемлекет бас­шысы су тасқынына қарсы ша­ра­ларға белсене атсалысқан бір топ құтқарушыны, волонтер­лер мен қоғам белсенділерін, әскери қызметшілер мен дәрі­герлерді, қарапайым жұмысшы­ларды, сондай-ақ кәсіпкерлер мен ірі бизнес өкілдерін мара­паттады. Олардың қатарында Петропавл қаласы әкімінің орын­басары Қалия Төренова, Есіл ауданын­дағы Николаев ауылдық округі­нің әкімі Далабай Қабдуалиев, электромонтер Ер­кебұлан Тас­жанов, фельдшер Ғабит Мусин, “Тарлан-2023” се­рік­тестігінің операторы Петр Мар­ков пен “Основание” серік­тестігінің ма­маны Владимир Иарин бар.

“Аkorda.kz”.

СУРЕТТЕ: Президент Қ.То­қаев Петропавл қаласы әкімі­нің орынбасары Қалия Төре­нованы марапаттауда.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp