«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Кітапсыз келешек жоқ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Кітап күйзелісті жазады. Бұл мәлімдемені нейрофизиолог Дэвид Льюис бастаған ғалымдар тобы дәлелдеді. Ғалымдар алдымен адамдарды әртүрлі стрестерге ұшыратты, содан кейін оны әртүрлі әдістермен емдеуге тырысты. Нәтижесінде стресті жеңудің ең тиімді тәсілі кітап оқу екендігін анықтады. Роберт Уилсон кітапты көп оқыған адамдардың есте сақтау қабілеті өзгелерге қарағанда жақсырақ болатындығын және кітап оқымайтын адамдар көрген-білгенін 48 пайызға тезірек жоғалтатынын анықтады.

Кітаптар бізді уақыт пен кеңіс­тікте алға қарай жылжытуға қабі­летті. Оксфорд профессоры Джон Стейн біздің қазіргі зама­науи қоғамға “үйреніп алғаны­мыз­ды” дәлелдеді. Демек, “кітап адамдар арасында мыңдаған жыл өмір сүре береді” деп се­німмен айтуға болады.

Оқу мен әдебиеттің жалпы адамға жағымды әсеріне қара­мастан, жастар оқуда қиындық­тарға жиі тап болады. Бұл ретте ең маңызды мәселе – әдебиетке арналған мектеп бағдарламасы. Өкінішке қарай, қазіргі таңда бас­падан шығып жатқан кітаптар­дың көпшілігі түсініксіз әрі күрде­лі. Осының салдарынан кітап оқу­ға деген қызығушылық төмен­дейді.

Біз жастарды көп жағдайда кітапханада оқуға мәжбүрлейміз. Алайда жаңа заманның мүмкін­діктерін ескере бермейміз. Элек­трондық кітаптар бар, кітап оқуға арналған сайттар бар, соларды пайдалану керек. Қолы босаған кезде кез келген кітаптың элек­трондық нұсқасын алып оқи бе­руіне болады.

Әдебиет – әлемді, адамзатты және өзін танудың бір тәсілі. Оқу – бұл автордың өмірі мен шын­дық­қа деген көзқарасын білдіру­дің ең жақсы жолы. Әр жазушы өзінің көркемдік әлемін жасайды, оны оқырман қабылдайды.

Көркем әдебиет – бұл сөз өне­рі. Өнер әлемімен байланыс біз­ге қуаныш пен рахат сезімін сый­лайды. Сондықтан көптеген адамдар жазушылардың, ком­пози­торлардың, суретшілердің шығармаларын жағымды ойын-сауық құралы ретінде қабылдай­ды. Әрине, біз киноға жиі бара­мыз, демалу немесе тіпті көңіл кө­теру үшін теледидар немесе ком­пьютер алдында отырамыз. Су­рет­шілер, композиторлар, бағ­дар­ла­машылар мен жазушы­лар­дың өздері өнер заңдылық­тарын біліп, өз туындыларын жа­сайды, көрермендер мен тың­даушылардың қызығушылығын тудырады. Өнердің адам өмірін­дегі маңызы ерекше.

Оқу жастар үшін өте маңыз­ды қабілет­тер мен қасиеттерді дамытаты­ны анықталды. Соның ішінде оқу эмпатиясының маңыздылығы жо­ғары. Көркем әде­биет­тің эмпа­тияға әсері туралы көп­теген зерт­теулер жүргізілді. Көркем әдебиет қызығушы­лық­ты оята­ды. Қызығушылық – оқы­ту­дың ма­ңызды компоненттері­нің бірі. Адам бір нәрсеге қызығу­шылық танытқан кезде, ол бұл туралы бәрін білуге тырысады. Оқу өз ойла­рын дұрыс және әде­мі жеткізуге үйретеді. Біз бәріміз әңгімелер айтамыз, олардың көмегімен әлемді білеміз. Көпте­ген жағ­дай­ларда, бұл әңгімелер арқылы адамдар өз тәжірибеле­рімен бө­ліседі. Көркем әдебиет оқу адамдардың сөздік қорын арт­ты­рады, бұл кез келген жерде дұ­рыс әрі әдемі сөйлеуге көмек­те­седі.

Көркем әдебиет оқу – әр адамның жеке дамуының мін­дет­ті құрамдас бөлігі. Романдар, өлеңдер немесе пьесалар бол­сын, кітаптан оқырмандар өмірді үйренеді, сабақ алады, шабыт алады. Көркем әдебиет – бұл тарихи фактілердің, алдыңғы ұр­пақтардың тәжірибесінің, өткен және қазіргі заманның негізгі фи­лософтарының ойларының қой­ма­сы. Әдебиет қарапайым сөз­дердің көмегімен санаға әсер ететін өнер деп саналатыны таң­ғаларлық емес.

Кітаптардың тағы бір маңыз­ды функциясы – әлеуметтенуге көмектесу. Бірақ бұл мақсатқа жету үшін әдеттегі дәстүрлі әдіс­тер қазір қолайлы емес. Кітап көр­мелерін, библиографиялық шо­лу­ларды, сүйікті кітаптарыңыз­дың беттеріне саяхаттарды, ең жақсы оқырманға арналған кон­курстарды, викториналарды, театрландырылған қойылым­дарды, түрлі жас топтарына ар­налған мерекелерді, оқу белсен­ді­лігін ынталандыратын психо­ло­гиялық тренингтердің циклде­рін және басқа да көптеген іс-ша­раларды ұйымдастыру арқылы қиял мен тапқырлықты арттыру керек. Осылайша біздің бойы­мыз­да айналадағы оқиғаларға деген алаңдаушылық, қоршаған ортаға жанашырлық, қоғамдық жауапкершілік пайда болады.

Кітап – қазіргі біз өмір сүріп жатқан қоғамда көлеңкеде қал­ған, ескерусіз және аса маңызға ие емес құралдар­дың бірі болып қалды. Бұл жағ­дай тек әдеби қа­уымды ғана емес, бар­ша адам­зат­ты алаңда­туы керек. “Адам­ды адам еткен – кітап, адамзат еткен – кітапха­на”, – деп жазушы Әбіш Кекіл­баев айтпақ­шы, біздің қандай адам болып қалыптасуы­мыз, адамдығы­мыз­ды сақтап қа­ла алуымыз, бар­лығы да оқыған кі­таптарымызға байланысты. Яғ­ни, кітап оқу – адам өмірінің ма­ңыз­ды бөлікте­рінің бірі деген сөз.

“Кітап оқуды қойған адам – ойлауды да қояды”, – деп фран­цуз жазушысы Дени Дидро айт­қандай, кітап оқи алмайтын адам, ойлай алмайтын адам де­сек те қателеспейміз. Қазіргі таң­дағы кітап оқитын адамдардың азаюы – ойлы адамдардың азаюы деген сөз. Бұл жалпы адам­зат қауымына қауіп төніп тұр­ғандығын аңғартады.

Жалпы адамзат, соның ішін­де, әсіресе, жастардың кітапқа де­ген қызығушылығы күрт тө­мен­­деп кеткені жасырын дүние емес. Оған себеп те бар, біз оны анықтап көруге тырыстық. “Жақ­сы кітап оқымайтын адамның кі­тап оқи алмайтын адамнан еш ар­тықшылығы жоқ”, – деген аме­рикалық жазушы Марк Твеннің сөзімен толықтай келісуге болады. Яғни, кітап оқуға деген қы­зығушылықтың жоғалуы – жақсы кітап таңдай алмаудың зардабы болуы әбден мүмкін. Сондықтан біз бұл мәселелердің басын ашып алу үшін жоғары сынып оқу­шыларынан сауалнама ал­ған едік.

Біз алдымен оқушылардың қанша пайызы кітап оқитын­ды­ғын анықтадық. Көпшілігі кітап­тан алыс емес екен, дегенмен жиі оқитындар аз. Оқушылар­дың 70 пайызы шамамен кітап оқиды немесе бұрын оқыған. Өз­дері­нен бөлек отбасында кемін­де бір адам тұрақты түрде кітап оқиды. Сондай-ақ біз “оқушылар кітап оқитын сайттармен қанша­лықты таныс?” деген сұраққа да жауап ала алдық. Оқушылардың барлығы дерлік кітап оқитын сайттарды жақсы біледі. Және бір мәлімет – оқушылар көбіне электрондық нұсқада емес, қа­ғаз кітаптан оқығанды құп көреді екен. Демек оқушылардың кітап оқуына барлық жағдай жасал­ған, олар кітапты қайдан және қа­лай оқу керектігін жақсы біледі. Оларға кітап оқуға жалғыз ке­дергі – қызығушылықтың жоқты­ғы деген қорытындыға келдік. Ал енді сол қызығушылықты қалай оятса болады? Міне, осы басты сұрақ. Біз бұл жайды былай тарқатып көрейік.

Бүгінде кітап оқуға қатысты түрлі байқаулар өтіп жатады. Ондағы жүлде қоры да қомақты. Бұл жақсы бастама дер едік. Ал­ғашында жүлде үшін қанатта­нып шағын шығарманы бірнеше күн­де оқитын жастар кейін өз бо­йында жақсы әдет қалыптасты­ра­ды. Әдебиетке деген іңкәрі оянып, одан да күрделі туынды­ларды парақтайтын болады.

“Рухани азып-тозу – өліммен тең, күйреген рухты қайта көтеру – міне, қазіргі таңдағы басты мақ­сат осы!”, – деген Шерхан Мұр­тазаның сөзі ойыма оралып отыр. Еліміз азып-тозбас үшін біз кітап оқуды әдетке айналды­руымыз керек.

Қорытындылай келе, жас­тар­дың кітап оқу дағдысын қа­лай қалыптастырсақ болады де­ген сұраққа жауап іздедік. Алда­ғы уақытта біз кітап оқу дағды­ла­рын қалыптастыруға көмектесе­тін тағы да осындай бірнеше әдістерді анықтап көрмекпіз. Әзірге кітап оқуға деген қызығу­шылықты қалыптастырудың ең тиімді тәсілі – конкурстар, са­йыстар мен ірі көлемдегі кітап оқу жарыстарын ұйымдастыру және оған барынша мектеп оқу­шыларының көптеп қатысуына әрекет қылу деген қорытындыға келіп отырмыз.

Ақәділ ТАЛАПБЕКОВ,

Тілеген ФАЗЫЛ.

Айыртау ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp