«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Сақтанбаған суға батады

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Премьер-министрдің қатысуымен өткен Үкімет отырысында елдегі шомылу маусымына қатысты жағдай талқыланды. Ел бойынша 45 адам суға батып кеткен. Үкімет басшысы барлық облыс әкімдеріне су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін патрульдеуді күшейтуді тапсырды.

Осы ретте өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов суға түсу маусымында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша жедел кеңес өткізді. Оған Петропавл қаласы және аудан әкімдері қатысты. Облыста 2000-нан астам көл бар. Дегенмен, шомылуға арналған 60 қана орын белгіленген. Былтыр өңірде суға шомылу маусымында бес қайғылы оқиға тіркелген еді. Өкінішке қарай, бұл жағдай биыл да қайталанды. Облыста шомылу маусымы басталғалы 3 бала суға кетті. Олардың барлығы – кәмелет жасқа толмағандар. Біреуінің денесі әлі табылған жоқ. Өңір басшысы жауапты органдарға бақылау шараларын күшейтуді тапсырды.

– Петропавл қаласында ар­на­йы шомылуға рұқсат берілген тек екі жер бар. Сол себепті ба­қылауды күшейту керек. Қазір де­малыс маусымы басталды. Тұрғындар өзен-көлге жиі бара­ды. Облысымыздың бірқатар аудандарында арнайы шомылу орындары белгіленбеген. Бұл қай­ғылы жайтқа алып келеді. Сол себепті полиция және тө­тен­ше жағдай департаменті ма­мандары сақтық шараларын кү­шейтуді және рұқсат берілмеген жерлерге жиі рейд жүргізуді тап­сырамын, – деген облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов солтүс­тік­қа­зақстандықтарға суға шо­мы­лу кезінде қауіпсіздік ереже­лерін сақтау туралы үндеу жа­рия­лады.

Жазда қайғылы оқиғалар­дың негізгі себептері жабдық­тал­маған жерлерде, мас күйін­де суға түсу және балаларды қадағаламау екені белгілі.

Соңғы он жылда қайғылы оқи­­ғалардың барлығы суға түсуге рұқсат етілмеген жерлер­де орын алған. Сондықтан өңір басшысы аудандар мен Петро­павл қала­сының әкімдеріне суға түсу үшін жабдықталмаған қа­уіпті жерлерге тыйым сала­тын және ескерту белгілерін орнатуды тапсырды.

Облыстық полиция департа­ментіне Ұлттық ұланның бөлім­ше­лерімен бірлесе отырып, 6637 әскери бөлімінің жеке құ­ра­мының патрульдік маршрут­та­рын су қоймаларындағы көп­шілік дема­лыс орындарына ба­рынша жа­қындату тапсырыл­ды. Бүгінгі таң­да Есіл өзенінің Петропавл қала­сы жанынан өте­тін бөлігі, Пест­рое мен Таранғұл көлдері тәулік бойы күзетіледі.

Сондай-ақ облыс әкімі бар­лық жауапты мемлекеттік ор­ган­дарға тұрғындармен алдын-ала жұ­мысты күшейтуді, профи­лак­ти­ка­лық ақпаратты хабар­дар ету және тарату мақсатын­да WhatsApp топтарымен тұ­рақты ақпараттық байланыс ор­натуды тапсырды.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp