«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тың идеяларға — қаржылай қолдау

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Биыл елде волонтерлік бас­та­ма­ларды жүзеге асыруға 70 млн. теңгеден астам қаржы бө­лінді. Аталған қаражатқа жастар бастамаларын іске асыру үшін 240 грант тағайындалып отыр. Жуырда аталған грант иегерлері жария болды.

Мәдениет және ақпарат ми­нистрлігінің тапсырысы бойын­ша Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының мемлекет­тік гранты аясында 8 үкіметтік емес ұйым өтініштер қабылдап, үздіктерді анықтады. Осылайша елдегі 8 үкіметтік емес ұйым 8 бағыт бойынша грант іріктеуін ұйымдастырды. Биыл ауқымды жобаға ел бойынша 1000-ға жуық өтініш түскен.

“Birgemiz” жалпыұлттық жо­ба­­сының гранттары “Вirgemiz: Вi­lim”, “Вirgemiz: Saýlyq”, “Вirge­miz: Sabaqtastyq”, “Вirgemiz: Asyl mura” сияқты 8 бағытты қамти­ды. Қа­тысушылар білім беру, ден­сау­лық сақтау, мәдени мұра­ны сақ­тау, қоршаған ортаға қам­қорлық, жануарларға жауапкер­шілікпен қарау, жоғалған адам­дар­ды із­дес­тіру, қиын жағдайда қал­ған жас­тарға жәрдемдесу, қарт­тар үйі­не көмек бағыттары бо­йынша өз жобаларын ұсын­ған. Нә­тиже­сінде әр бағыт бо­йынша үздік 30 жоба іріктеліп, 300 мың теңгенің грантына ие болып отыр.

Еріктілік бастамаларға ар­налған қаржы бөлінген жобалар­дың қатарында өңірде жүзеге асы­­рылатын іс-шаралар да бар. Мә­селен, Есіл ауданында Абы­лай Қайроллаевтың “Ауыл бала­ларына ағылшын тілінен олим­пиада” жобасы, Николаевка ауы­лында “Med.volunter” жобасы, Та­уағашта Александра Оттың “Ауылды жердегі цифрлық са­уат­тылық” жобасы, “Вirgemiz: Úmit” бағыты бойынша облыс орталы­ғында “Күшіміз-бірлікте” және су тасқынынан зардап шеккендерге көмектесуге ар­нал­ған “Көмек қолы” жобалары жүзеге асады.

Диас АЯҒАН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp