Уәлиханов ауданында итальяндық прус шегірткесі анықталды. Болжам бойынша зиянкестің осы түрі 2 мың гектар алқапқа жайылуы мүмкін. Егін алқаптарын зерттеген мамандар одан қауіп жоқ деп отыр.
Мамандардың айтуынша, италиялық прустың дернәсілдері табылмаған. Зиянкестердің көбеюіне көктемнің кеш келуі және маусым айының алғашқы онкүндігінің салқын болғаны кедергі келтірген. Дегенмен Ақмола, Қостанай, Павлодар облыстары және Ресей Федерациясымен шектесетін аудандарда орналасқан егін алқаптары бақылауға алынды. Жалпы өңірде 4 мың гектардан астам жер шегірткеге қарсы өңделеді. Егер алқаптар уақытылы өңделсе, үйірлі шегірткеден айтарлықтай қауіп жоқ. Орын алған жағдайға байланысты Уәлиханов ауданының диқандары 3,5 мыңнан астам алқапта химиялық өңдеу жүргізді.
Ләзиза МЫРЗАНТАЙҚЫЗЫ,
“Soltüstık Qazaqstan”.