«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Үздік түлектерге тарту

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жылдағы дәстүрге сай Жамбыл ауданын­да­ғы үздік түлектерге биыл да сый-сияпат та­бысталды. Игі шараның қолдау­шы­сы – жергілікті кәсіп­кер Екпін Әбиев. Биыл ол үздік мектеп бі­тіруші­лерге “Отбасы” банктің 100 мың теңгелік серти­фикаттарын сый­лады.

2018 жылдан бастап жыл са­йын кәсіпкер мектептердің үздік түлектеріне 100 мың теңгенің сертификатын беріп келеді. Бүгінде бұл игі дәстүрге айнал­ған. Алты жыл ішінде Екпін Әбиев жастардың болашағына жалпы 6 млн. теңгеден астам қаржы салған.

– Бұл менің балаларға бер­ген батам іспетті. Еліміздің бо­ла­шағы жастардың қолында. Сон­дықтан да олардың әр қа­дамына қолдау білдіріп, деме­уіміз керек. Депозитке салына­тын қаржы күні ертең жастар­дың өз жоспарларын жүзеге асыруына жәрдемдеседі, – дейді кәсіпкер.

Биыл Жамбыл ауданында 164 жас мектеп бітірген. Олар­дың сегізі – “Алтын белгі” иегері. Алтысы білім ордасын үздік аттестатпен тамамдаған.

– Алға қойған үлкен мақсат­тарым бар. Л.Гумилев атын­дағы Еуразия ұлттық универ­ситетінің ІТ-мамандығына оқуға түскім келеді. ҰБТ-ға мұқият да­йындалдым. Нәтижесінде 109 балл жинадым. Өз ата-анама, мұғалімдеріме, бүгінгі шараны ұйымдастырған азаматтарға ал­ғысымды білдіремін, – дейді Қо­жаберген жырау атындағы №6 орта мектептің түлегі Ерасыл Сайран.

Жастарға берілген қаржы банктің “Aqyl” депозитіне са­лынады. Жылдық мөлшерлемесі 12 пайыздық депозиттегі қаржыны оқу ақысын төлеуге жұмсауға болады.

Игілік РАХМЕТОВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp