«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Бюджет қаражатын жымқырған

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл тұрғын үй қызметінің басшысы бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілігіп, оған қатысты тергеу басталды.

Бұл туралы Сыбайлас жемқор­лыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров хабарлады.

Оның мәлімдеуінше “Петро­павл тұрғын үй қызметі” ЖШС-ның бұ­рынғы басшысы Болат Қажымұ­ратовқа бюджет қаражатын жеке бас пайдасына жаратты деген айып тағылып отыр.

“Лауазымды тұлға кәсіпкерлік субьектілерімен алдын ала сөз байласу арқылы 7,5 млн. теңге бюджет қаражатын ұрлады деген күдікке ілінді. Бұл қаржы тұрғын үйлерді жылыту және сумен жаб­дықтау жүйесін жөндеуге бөлінген. Осы факт бойынша тергеу жалға­суда”, – деді агенттіктің ресми өкілі.

Брифингте сондай-ақ облыс­тық санитарлық-эпидемио­логиялық бақылау департаменті бас­қармасы басшысының пара алып, ұсталғаны да айтылды.

Лауазымды тұлға улы хими­каттар қоймасына санитарлық-эпидемиологиялық қорытындыны жеделдетіп және кедергісіз беру мақсатымен кәсіпкерлік субьекті­лерінен 200 мың теңге мөлше­рінде алым талап еткен.

Қазіргі уақытта оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүр­гізілуде.

Жан АЙТМАҒАНБЕТОВ,

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp