«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Күшейтілген жұмыс

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстан полициясы күні қарсаңында облыстық полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов гарнизондық жиналыс өткізді.

Таңғы сағат 08.00-ден бастап Петропавлда Тәуелсіздік стелласының алаңында облыстық полиция департаменті аппаратының қызметкерлері, мамандандырылған күзет қызметі полиция басқармасының қызметкерлері, учаскелік инспекторлар мен қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының мамандары, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері сап түзеді.

Облыстық полиция департаменті мәдени орталығының оркестрі мен жеке құрамы Қазақстан Республикасының Әнұранын орындады.

Полиция генерал-майоры Айдын Қабдұлдинов қарамағындағыларды осы күні бастау алған “Құқықтық тәртіп” жедел-алдын алу іс-шарасының үшінші кезеңі шеңберінде күшейтілген жұмысқа бағыттады.

Аталған іс-шара шеңберінде қылмыстың алдын алу бойынша, атап айтқанда, есепке алынатын адамдар мен қару иелерін аула бойынша аралау, қараусыз қалған құрылыстар мен жалдамалы пәтерлерді тексеру, облыс аудандарында мал ұрлығы фактілерін болдырмау үшін шалғайдағы учаскелерді тексеру жоспарланған. Жол қауіпсіздігін нығайтуға ерекше көңіл бөлінеді.

Игорь МЕРЦАЛОВ,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің жетекші маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp