«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Көлікті қайта тіркеу жеңілдеді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бұған дейін көлік құралдарын қайта тіркеу үшін автокөлікті сатып алу-сатудың нотариалды куәлан­дырылған шарты қажет болатын. Енді мамандан­дырылған ХҚКО қызметкері электрондық құжатты жүйеде қалыптастырады, ал сатушы мен сатып алушы “eGov mobile” қосымшасының көмегімен QR кодты сканерлеу арқылы құжатқа қол қояды.

Айта кету керек, қызмет “Азаматтарға арналған үкіметке” тиесілі. Бұл жаңашылдық қызмет алушылардың ыңғайлылығы мен жайлылығы үшін және көлік құ­ралдарын тіркеу кезінде сыбай­лас жемқорлықты жою мақса­тында енгізілді. Енді мемлекеттік корпорацияның, Ішкі істер ми­нистр­лігінің және “ҰАТ” АҚ ақпа­раттық жүйелерінің ықпалда­суының нәтижесінде автокөлікті қай­та ресімдеу процесі ашық бола­ды. Мәмілені тіркеу кезінде жал­ған қол қою мүмкін емес.

Қызмет алушылар жүгінген кезде мамандандырылған ха­лыққа қызмет көрсету орталығы­ның операторы сатушы мен сатып алушы туралы, сондай-ақ көлік құралы жайлы мәліметтерді жүйеге енгізеді. Осыдан кейін жүйе автоматты түрде мәміленің электрондық жазбаша нұсқасын қалыптастырады және экранға QR код шығарылады. Оны ска­нерлегеннен кейін, автокөлікті са­тушы және сатып алушы тарап­тар құжатпен танысып, оған ЭЦҚ-ның көмегімен қол қоя алады.

Сондай-ақ ұйымның мүдде­лерін білдіруге сенімхаты және ЭЦҚ пайдалану құқығы бар заңды тұлғалардың өкілдері үшін де бұл процестің аналогы “eGov business” қосымшасы арқылы қолжетімді.

Осы тұста көлік құралдарын қайта рәсімдеу кезінде мәміленің қағаз түріндегі жазбаша түрін қабылдау үстіміздегі жылдың 23 сәуірінде Ішкі істер министрлігінің көлік құралдарын тіркеу және есепке алу қағидаларына өзге­рістер мен толықтырулар енгізіл­гендіктен жойылғанын естеріңізге сала кетейік.

Анар ҚҰСАНОВА,

“Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” акционерлік қоғамының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша PR менеджері.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp