«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 24.06.2024

ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚПЕН КҮРЕСУ — ОРТАҚ МІНДЕТ

Мемлекет басшысы отбасылық зорлық-зомбылық мәселесіне үнемі алаңдаушылық білдіріп, принципті түрде баға беріп келеді. “Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары” Жолдауында Үкімет алдына бірқатар міндеттер қойды. Соның бірі – қазіргі демографиялық ахуалды еліміздің бәсекеге қабілетін арттыруға пайдалана отырып, адал азамат және тұғырлы тұлға болудың негізін бала кезден қалыптастыру, осылайша жас ұрпақтың қауіпсіз әрі алаңсыз өмір сүруін қамтамасыз ету. …

ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚПЕН КҮРЕСУ — ОРТАҚ МІНДЕТ Read More »

Жас қырандар – балапан

Қызылжарда түркі әле­мінің мақтанышы, Алаш арысы Мағжан Жұмабаев­қа арналған оқушылар арасын­дағы республика­лық “Мағжан оқулары” ғылыми-шығармашылық конкурсының ашылуы өтті. Байқауға 3 аталым бо­йынша еліміздің 19 өңірінен 52 қатысушы жиналған. Жас дарындарды дүбірлі дода­ның ашылуымен облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Динара Анафина құттық­тады. – Сіздерді Мағжан Жұмабаев­тың туған өлкесінде көргенімізге қуаныштымыз. Мағжан – әде­бие­тіміздің өркендеуіне өлшеусіз үлес …

Жас қырандар – балапан Read More »

ӨЗАРА ТИІМДІ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов бастаған Қызылжар өңірінің делегациясы Ресей Федерациясының Омбы облысында жұмыс сапарымен болып, шекаралық аймақтың өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын, ғылыми және мәдени орталықтарын аралады. Қазақтың ағартушы ғалы­мы Шоқан Уәлихановтың ес­керт­кішіне гүл шоқтары қойы­лып, ме­мориалдық кешенде екінші дү­ниежүзілік соғыста қаза тапқан­дарға тағзым етілді. Сондай-ақ осындағы қазақ ұлттық мәдени ұйымының өкілдерімен жылы жүзді кез­десу өтті. …

ӨЗАРА ТИІМДІ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ Read More »

Қызметтік көліктері жаңарды

Қазақстан полиция­сының кәсіби мерекесі­не арналған жиында об­лыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тас­мағанбетов тәртіп сақшыларын өңір бас­шысы Ғауез Нұрмұхам­бетовтің атынан құт­тықтады. Ғауез Торсанұлы су тасқы­ны­мен күресте зор көмек көр­сеткен жергілікті полицейлерге алғысын білдірді. “Тұрғындар­ды эвакуациялау барысында об­лыс полицейлері ауқымды жұ­мыстар атқарды. Ең қиын күн­дерде экипаждар су тасқынын­да кезекшілік атқарып, өмір­ле­ріне қауіп төнгеніне қарамастан құрлықта да, суда …

Қызметтік көліктері жаңарды Read More »

МАҒЖАНТАНУДЫҢ ШЕШІЛМЕГЕН МӘСЕЛЕЛЕРІ

Ақын мұрасын ақтарып, төңкеріп отырған күнде Мағжан ақындығының қалай қалыптасқанына көз жүгіртіп, ой топшылауға болады. Ол – ақын болып туған еді, ақын болып өлді. Мағжанның бақыты ма, соры ма, әрбір өлеңі оқырман назарынан тыс қалмағаны байқалады. Оқырман дегенде мен оның өлеңдерінен сән іздеген, ән іздеген, рухани нәр алған, осындай отандасы бар екеніне қуанған ақ жүрек …

МАҒЖАНТАНУДЫҢ ШЕШІЛМЕГЕН МӘСЕЛЕЛЕРІ Read More »

Жарты миллион гектар жер қайтарылды

Қазақстан Республика­сы­ның Конституциясына сәй­кес жер және оның жер қойнауы, су, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі. Ал меншік құқығын халық атынан мемлекет жү­зеге асырады. Жер сондай-ақ заңда белгіленген негіздер­де, шарттарда және шектерде жеке меншікте болуы мүмкін. Жер учаскелерінің меншік иеле­рі мен жер пайдаланушылар жерді оның нысаналы мақсатына немесе елді мекендердің жер­ле­ріндегі …

Жарты миллион гектар жер қайтарылды Read More »

“ҚОҒАМДА МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА ҚАТЫСТЫ НЕМҚҰРАЙЛЫЛЫҚ БАР”

НЕ ҮШІН ДЕПУТАТ БОЛДЫМ? Мені қала тұрғындары мүм­кіндігі шектеулі жандардың мүд­де­лерін қорғап жүрген адам ре­тінде таниды. 2009 жылдан бері депутат ретінде түрлі іс-шаралар­ға қа­ты­сып, мүмкіндігі шек­теулі жан­дардың жағдайын жақ­сартуға қатысты көптеген ұсы­ныстар айтып келемін. Сайлау­­­ға түсер алдында біраз ой­ла­нып, маған өтініш-тілектерін жет­­кізген жан­дарға көмектесу үшін депутат болуға бел будым. Мен әлеу­мет­тік желілерде де бел­сенді­мін, сол …

“ҚОҒАМДА МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА ҚАТЫСТЫ НЕМҚҰРАЙЛЫЛЫҚ БАР” Read More »

ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТЫҢ ТАРИХЫ ТЕРЕҢДЕ

Тоғызқұмалақ – әлемдік интеллектуалдық ойындардың озық үлгілерімен бой теңестіре алатын зияткерлік ойын, логикалық ойлау өнері. Бұл ойынның басты қасиеті – адам санасын жетілдіруге ерекше күш салады. Сан ғасырлар бойы халқымызбен бірге жасап келе жатқан ұлттық ойын шахмат, дойбымен деңгейлес болса да әлі күнге халықаралық дәрежеге көтеріле қойған жоқ. Оның үстіне елімізде де тоғызқұмалақ ойнай білетіндердің …

ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТЫҢ ТАРИХЫ ТЕРЕҢДЕ Read More »

БЮДЖЕТТІ ИГЕРУДЕ ІРКІЛІС ЖОҚ

Облыстық қоғамдық кеңесте қаржы басқармасының басшысы Наталья Дышкант 2023 жылғы облыс бюджетінің орындалуы туралы есеп берді. Маманның айтуынша, ол 99,9 пайызға орындалған. Бұл – республика бойынша жақсы көрсеткіш. Басқарма басшысы әр саланы қаржыландыруға егжей-тегжейлі тоқталды. Мәселен, былтыр денсаулық сақтау саласына 11,7 млрд. теңге бөлінген. Бұл қаражаттың 5,9 млрд. теңгесі емдеу мекемелерінің материалдық базасын нығайтуға жұмсалыпты. …

БЮДЖЕТТІ ИГЕРУДЕ ІРКІЛІС ЖОҚ Read More »

Әлеуметтік қызмет талапқа сай ма?

Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің негізгі мақсаттарының бірі – мүгедектерді әлеуметтік қорғау, арнаулы әлеуметтік қызметтер саласындағы заңнаманың сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізу. Ведомство мүгедектердің медициналық-әлеуметтік мекемелерде және әлеуметтік қызметтер көрсететін басқа да ұйымдарда арнаулы әлеуметтік қызметтерді сапалы, толық және уақтылы алуын бақылауды жүзеге асырады. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің мемлекеттік …

Әлеуметтік қызмет талапқа сай ма? Read More »

БАТЫР БАУЫРЖАН

Мемлекет басшысының Жарлығымен қызметтік борышын атқаруда жанқиярлығы, сондай-ақ су тасқыны кезінде көрсеткен ерлігі үшін Бауыржан Жаулетбаев Рахымжан Қошқарбаев атындағы үшінші дәрежелі “Айбын” орденімен марапатталды. Аға сер­жант Бауыржан Жау­летбаев азаматтық қорғау ор­ган­дарын­да 2018 жылдан бас­тап қызмет етуде. Бірнеше рет ірі және күр­делі өрттерді сөнді­руге, сондай-ақ су тасқынына қатысты іс-шараларға атса­лысқан. Ол 2024 жылдың 28 науры­зы мен …

БАТЫР БАУЫРЖАН Read More »

Үздік журналистер

Өңірімізде жыл сайын қазақ тілін дамыту және оның қолданыс аясын кеңейту мақсатында “Мемлекеттік тіл және бұқаралық ақпарат құралдары” атты байқау ұйымдастырылады. Биылғы дәстүрлі шараға 8 қатысушы өз туындыларын жіберіпті. – Бұл байқауға қатысушылар­дың арасында аудандарда қызмет ететін тілшілердің көбейіп отыр­ға­ны қуантады. Алдағы уақытта оның ауқымын кеңейтуді, талап­кер­­лер қатарын ұлғайтуды жос­пар­лап отырмыз, – дейді облыс­тық мәдениет, …

Үздік журналистер Read More »

Көрер жарығы бар екен

Ақжар ауданында жұмыс іс­теп жүрген 20 жастағы жігіттің үс­тіне бал­шық құлап кетті. Ауру­ха­наға ауыр халде түскен зардап ше­­гу­шіні дәрігерлер аман алып қалды. Оқиға 11 маусым күні болған. Ақжар аудандық ауруханасының мамандары облыстық көпбейінді ауруханаға хабарласып, ауыр сырқат түскендігін айтқан. “Ақжарлық әріптестеріміз ер адам бас сүйек-ми жарақатын алуы мүмкін, кеудесі қысылған, мидың гипоксиясы тіркелгендігін айтты. Жігіт …

Көрер жарығы бар екен Read More »

Грант саны артқан

М.Қозыбаев атындағы СҚУ-да құжат қабылдау ко­мис­сиясы жұмысын бастады. Талапкерлер шығар­ма­шылық емтихан тапсыратын мамандықтарға, атап айтқанда журналистика, дизайнерлік, дене шынықты­ру мұғалімі және бастапқы әскери дайындық маман­дық­тарына құ­жат өткізеді. Аталған мамандықтарға түсу үшін түлек­терге ҰБТ-дан 10 ұпай алса жеткілікті. М.Қозыбаев атындағы СҚУ қа­былдау департаментінің дирек­торы Гүлмира Оспанованың ай­туынша, өңір түлектері үшін ар­найы жеңілдіктер қарастырылған. Мәселен, талапкер төрт …

Грант саны артқан Read More »

Еңбектің өтеуі — марапат

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты марапаттау рәсіміне қатысып, Президенттің атынан қызметтік және азаматтық борышын орындап, су тасқыны кезінде көрсеткен ерлігі үшін бірқатар солтүстікқазақстандыққа “Құрмет” және III дәрежелі “Еңбек даңқы” ордендерін, “Ерен еңбегі үшін” және “Шапағат” медалдарын табыс етті. Мемлекеттік қызметті жетілдіруге қосқан елеулі үлесі үшін бірқатар мемлекеттік қызметші және төтенше жағдайлар …

Еңбектің өтеуі — марапат Read More »

АУЫЛДАҒЫ МӘДЕНИ-САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Тимирязев ауданында болып, ауыл шаруашылығы, өндірістік және әлеуметтік нысандарды аралады. 500-ден астам адам тұратын Дмитриевка ауылында бой көтерген жаңа мәдени-сауықтыру орталығының ашылу салтанатына қатысты. Нысан “Ауыл – ел бесігі” бағдарламасы бойынша 79 млн. 540 мың теңгеге салынған. Мұнда конференция, тренажер залдары, мұражай, кітапхана, шахмат, дойбы үйірмелері жұмыс істейді. Мұндай нысандар Ақсуат …

АУЫЛДАҒЫ МӘДЕНИ-САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ Read More »

ТЫНЫШТЫҚ САҚШЫСЫ

Биыл өңірімізде болған су тасқыны солтүстікқазақстандықтар үшін оңайға соққан жоқ. Тілсіз жаумен күресуде Петропавл стансасындағы желілік полиция бөлімі қызметкерлері де аянып қалмады, ел басына қиын күн туғанда тәртіп сақшылары су тасқыны қауіп төндірген шағынаудандарды, учаскелер мен ауылдарды патрульдеуді күшейтті. Су тасқынына қарсы іс-шаралар кезінде Петропавл стансасындағы желілік полиция бөлімі қызметкерлері облыстық полиция департаментінің қызметкерлерімен бірге …

ТЫНЫШТЫҚ САҚШЫСЫ Read More »

ҚУАНЫШ ҚҰШАҒЫНДА

Қала шетіндегі жаңадан бой көтеріп келе жатқан “Бірлік” шағынауданында тағы да қуаныш. Бұл жолы құрылысы аяқталған 47 баспана өз иелерін тапты. Осыған дейін су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға 53 үйдің кілті берілген еді. Тұрғындарды қоныстойымен Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев пен өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов, сондай-ақ демеушілер мен тұрғын үй құрылысына жауапты тұлғалар арнайы құттықтап келді. …

ҚУАНЫШ ҚҰШАҒЫНДА Read More »