«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Грант саны артқан

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

М.Қозыбаев атындағы СҚУ-да құжат қабылдау ко­мис­сиясы жұмысын бастады. Талапкерлер шығар­ма­шылық емтихан тапсыратын мамандықтарға, атап айтқанда журналистика, дизайнерлік, дене шынықты­ру мұғалімі және бастапқы әскери дайындық маман­дық­тарына құ­жат өткізеді. Аталған мамандықтарға түсу үшін түлек­терге ҰБТ-дан 10 ұпай алса жеткілікті.

М.Қозыбаев атындағы СҚУ қа­былдау департаментінің дирек­торы Гүлмира Оспанованың ай­туынша, өңір түлектері үшін ар­найы жеңілдіктер қарастырылған. Мәселен, талапкер төрт рет ҰБТ тапсыратыны белгілі, барлық сер­тификат­тары жарамды және ең жоғары нә­тижемен гранттар бай­қауына қа­тыса алады.

Биыл жергілікті универси­тетке 2 мыңға жуық грант бөлініп отыр. Солтүстік өңір биыл тасқыннан зар­дап шеккен облыс болған­дық­тан гранттың саны артқан. Демек, солтүстікқазақстандық түлектер­дің тегін оқу бөліміне түсуге мүм­кіндіктері бар.

Жалпы университетте 86 ма­мандық бойынша білім беріледі. Білім ор­дасы Аризона универси­тетімен әріптестік аясында кейбір маман­дықтар бойынша қос дип­ломдық білім беру бағдарламасы бо­йын­ша жұмыс істейді.

Ләзиза МЫРЗАНТАЙҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp