«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жарты миллион гектар жер қайтарылды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстан Республика­сы­ның Конституциясына сәй­кес жер және оның жер қойнауы, су, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі. Ал меншік құқығын халық атынан мемлекет жү­зеге асырады. Жер сондай-ақ заңда белгіленген негіздер­де, шарттарда және шектерде жеке меншікте болуы мүмкін.

Жер учаскелерінің меншік иеле­рі мен жер пайдаланушылар жерді оның нысаналы мақсатына немесе елді мекендердің жер­ле­ріндегі функционалдық аймағына сәйкес, уақытша жер пайдалану кезінде оның ішінде жалдау шар­тына сәйкес пайдалануға міндетті. Шаруа немесе фермер қожалы­ғын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүр­гізуге арналған пайдаланыл­май­тын жер учаскесі мақсатына қарай пайдаланылмау фактісі алғаш анық­талған кезден бастап бір жыл ішінде жер кодексінің 94-бабында көзделген тәртіппен мәж­бүрлеп алып қоюға жатады.

Мемлекет басшысы тиісті ве­домстволар алдына пайдала­ныл­маған және заңнаманы бұза оты­рып берілген ауыл шаруашы­лы­ғы мақсатындағы жерлерді алып қою міндетін қойды. Тапсыр­маны орын­дау шеңберінде өңірде ведомство­аралық кіші топ құры­лып, осы ба­ғыттағы жұмысты жүр­гізу жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді. 2022-2024 жылдар ара­лығында кіші топтың 30 отырысы өткізіліп, барлығы 564,8 мың гек­тар ауыл ша­руашылығы мақса­тын­да­ғы жерлер мемлекетке қай­тарыл­ды, оның ішін­де егістік алқап – 94,6 мың, жа­йылым – 433,8 мың гектар. Бұл ба­ғыттағы шаралар қарқынды түрде жалғасын тауып келеді. Пайда­ла­нылмаған жер­лерді мемле­кет­тік меншікке қайта­ру бойынша сотқа (жалпы ауданы 49,6 мың гек­тар) 14 талап-арыз берілді, 131,3 мың гектар алқапқа қатысты 11 талап-арыз дайындалуда.

Мәжбүрлі түрде алынған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер­лер халықтың жайылымдық жер­лерге деген қажеттіліктерін өтеуге, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өн­дірісімен айналысқысы келетін­дер­ге жалға беріледі. Жыл басы­нан бері 228,4 мың гектар жер (бар­лық қайтарылған жер телімдері­нің 40 па­йызы) қайта бөлініп, жайы­лым­дық жерлерге – 113,7 мың, ауыл ша­руашылығы өндірі­сімен айналыс­қысы келетіндерде 114,7 мың гек­тары үлестірілді. Та­йынша, Ақжар, Мамлют ауданда­рын­да жайылым­дар­мен қамтама­сыз етуге үлкен мән берілуде, бұларда қайтарылған жа­йылымдардың жартысынан аста­мы ауыл тұрғын­да­рына бөлін­ді. Мы­салы, Ақжар ау­данында 14 елді мекенде 42 мың, Тайынша ау­да­нында 18 елді ме­кен­де 30,6 мың, Мамлют ауда­нын­да 15 елді мекен­де 11,2 мың гек­тарға ұлғайтылды. Ауыл шаруашы­лығы өндірісімен айналысқысы ке­летіндер үшін 2022-2024 жылдар ке­зеңінде ауыл шаруашылығы мақ­сатындағы жер­лерге жалдау құқы­ғын беру бо­йынша 44 конкурс өткі­зі­ліп, 114,7 мың гектер жер берілді.

Пайдаланылмайтын ауыл ша­руашылығы мақсатындағы жер­лер­ді алу және оларды халық ара­сында одан әрі бөлу мәселелері облыстық әкімдіктің тұрақты ба­қылауында.

Мейрам МЕҢДІБАЕВ,

облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp