«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚПЕН КҮРЕСУ — ОРТАҚ МІНДЕТ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мемлекет басшысы отбасылық зорлық-зомбылық мәселесіне үнемі алаңдаушылық білдіріп, принципті түрде баға беріп келеді. “Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары” Жолдауында Үкімет алдына бірқатар міндеттер қойды. Соның бірі – қазіргі демографиялық ахуалды еліміздің бәсекеге қабілетін арттыруға пайдалана отырып, адал азамат және тұғырлы тұлға болудың негізін бала кезден қалыптастыру, осылайша жас ұрпақтың қауіпсіз әрі алаңсыз өмір сүруін қамтамасыз ету. Мемлекет басшысы кәмелетке толмағандарға жасалған зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қатысты жазаны күшейтуді тапсырды.

“Бәріне бірдей мүмкіндік бе­ре­тін өркениетті ел – Әділетті Қа­зақстанды құрамыз. Заң және тәр­тіп, өзара түсіністік, тілектес­тік пен жауапкершілік бәрінен биік тұратын тиімді мемлекет бо­ла­мыз. Қоғамдық тәртіпті бұза­тын кез келген арандатушылық әре­кетке қатал тосқауыл қою қа­жет. Өкінішке қарай, құқық қорғау ме­кемелері және аймақ басшыла­ры осы жұмысты дұрыс атқар­май отыр. Басқа сөзбен айтқан­да, заң үстемдігін қамтамасыз ет­пейді. Соның салдарынан қоға­мы­мызда ұдайы келеңсіз оқиға­лар болып жатады. Мысалы, да­ладағы, көшедегі вандализм, кей­бір азаматтарымыздың тәртіп­сіздігі, мәдениетсіздігі, неше түр­лі тұрмыстық жанжалдар елі­міздің халықаралық аренадағы абыройына нұқсан келтіретін бо­лады. Негізгі мақсатымыз – заң­ды қатаң сақтау, қоғамдық тәр­тіпті қамтамасыз ету”,– деп ерек­ше атап көрсетті. Шынында да, өр­кениетті елдерге теңесеміз десек, саяси-экономикалық ре­форма жасау жеткіліксіз. Ең бас­тысы, қоғамдық сана, азаматта­ры­мыздың ниеті өзгеруі керек. Бү­гінде ұлттың жаңа сапасын қа­лыптастыру айрықша маңызға ие болып отырғаны сондықтан. Ең ізгілікті қасиеттерді отбасы, ошақ қасында балғындардың бойына сіңіре білсек, отаншыл, білімпаз, еңбекқор, тәртіпті, адал ұрпақтың өсіп шығары күмәнсіз.

Азаматтардың құқықта­рын қорғау әркез Президенттің басты назарында. Елімізде құ­қық қорғау институттарын кү­шей­ту ба­ғы­тында атқарылған ке­шенді ша­ралар аз емес. Бас про­курор мен Адам құқығы жөніндегі уәкілге де Конституциялық сотқа жүгіну мүм­кіндігі берілді. Азап­тау­ға бай­ланысты қылмыстарды тергеу ісіне жүйелі ұстанымды қалып­тас­тыру мақсатымен бұл құ­зы­рет Бас прокуратураға жүк­телді. Жұртшылық тарапынан қо­ғам­дағы зорлық-зомбылық дең­гейін төмендету үшін жүйелі ша­ралар қабылдау қажеттігі, әсіре­се, от­басылық-тұрмыстық қаты­настар саласындағы құқық бұзу­шылық­тарға қарсы тиімді қарсы тұру, әйелдер мен балаларға қа­тыгездік көрсеткендердің жаза­сын қатайту жайы жиі айтыла­тын. Осыған орай Мемлекет бас­шысы мұндай құқық бұзушылық­тар­ды қылмыс санатына жатқы­зу­дың орынды-орын­сыз­дығын анық­тау туралы нұсқау беріп, мә­селенің жан-жақты зерделе­нуі­нің нәтижесінде “Қа­зақ­стан Рес­публикасының кей­бір заңна­ма­лық актілеріне әйел­дердің құ­қықтары мен балалар­дың қауіп­сіздігін қамтамасыз ету мәселе­лері бойынша өзгертулер мен то­лықтырулар енгізу тура­лы” және “Қазақстан Республи­касы Әкім­ші­лік құқық бұзушылық туралы кодексіне әйелдердің құ­қық­тары мен балалардың қа­уіп­сіздігін қам­тамасыз ету мәселе­лері бойын­ша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Қа­зақстан Рес­пуб­ликсының заңда­рына қол қо­йылды. Бұл бастама­лар әділ әрі құқықтық мемлекет құру жолын­дағы ізгілікті қадам бо­лып табы­лары сөзсіз.

Президент Әкімшілігінің 2022 жылғы 16 маусымдағы хатына сәйкес, Солтүстік Қа­зақстан облысы бойынша ба­ла­лар, отбасы және әйелдер құ­қығы жөніндегі уәкіл лауазымы ен­гізіліп, білім бас­қармасы уәкіл­мен өзара іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган болып айқындал­ды. Ресми ақпараттарға жүгін­сек, Қазақстанда жылына орта есеппен алғанда 20 мыңға жуық әйел тұрмыстық зорлық-зомбы­лық құрбанына ай­налатын көрі­неді. Жасыратыны жоқ, көбіне ер азаматтар ішімдікке тәуелділік, жұмыссыздық, тағы басқа жаман әдеттер салдарынан шаңырақ­тың берекесін кетіріп, зардабын шиеттей балалар тартып, оның соңы ауыр қылмыстарға ұласып, адам жа­нын түршіктіретін небір оқиғаларға соқтырып жатады. Соңғы төрт жыл ішінде елімізде зор­лық-зомбылықтан 870 адам­ның көз жұмып, 2 мыңдай адам­ның түрлі дене жарақатын алуы, жыл са­йын балаларға қарсы екі мыңнан астам қылмыстың жасала­тыны ойландырмай қоймай­ды. Сон­дықтан үлкен дертке ай­налған бұл мәселемен жалпы қо­ғам бо­лып күресудің мәні айрық­ша. Біз өз тарапымыздан түрлі қылмыстарды еңсеруге бағыт­тал­ған “Тұрмыс”, “Қадағалау”, “Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!” сияқты республикалық акция­лар­ға үз­бей қатысамыз. Ондағы мақсат – кез келген зорлық-зомбылық әре­кеттерінің алдын алу, құқықтық сауаттылықты артты­ру, отбасы құндылықтарын, ота­ға­сы, отанасы рөлін, тәрбиенің тал бесіктен басталатынын түсін­діру. Десек те, республикада екі аптаға со­зылған профилактика­лық шаралар мен акциялар барысы зор­лық-зомбылықтың әлі тыйылмай отырғанын аңғартты. Осы уақыт ара­лығында 4 мыңнан астам ха­барлама түсіп, 675 отбасындағы балалардың ата-анасы мен туыс­тарынан зәбір көргені, отбасылық жанжалдар­дың негізгі се­бебі – маскүнемдік, лудома­ния, адамгершілік құнды­лық­тардың төмендеуі екені анық­­талды. Былтыр өңір бойын­ша тұрмыс­тық зорлық-зомбылыққа қатысты 1874 факт орын алып, әкімшілік қамауға алу жө­нінде 500 хаттама толтырыл­ды. 300 адамға ескер­ту жаса­лып, 6 адамға айыппұл салын­ды. Жақындарынан қол­дау тап­паған әйелдер Петро­павл қала­сында орналасқан “Ана­лар үйі­н” паналайды. Олар­ға маман­дар құқықтық, пси­хо­ло­гиялық кө­мектер көрсетеді.Жыл басынан бері асырауында бала­лары бар 80 әйел қамқорлыққа алынды. Қолдау ор­та­лығы жүр­гізген сауалнамаға қатысқан әйелдердің 90 па­йызы психо­логиялық қысымдар­ға ұшырай­тынын жасырмаған.

Бұдан былай, жоғарыдағы заң­дарда көзделгендей, отба­сын­дағы ұрып-соғу жағдайлары қылмыстық факт ретінде сипат­та­ла­ды. Және де денсаулыққа қасақана ауыр не орташа зиян келтіру көрінісіне қатысты жа­уап­кершілік те күшейтілді. Бір сөз­бен айтқанда, енгізілген нор­ма­лар мен бірқатар түзетулер әйелдер мен балалардың құқы­ғын қорғап, қауіпсіздігін нығайту­ды көздейді. Бұдан бөлек, тұр­мыстық зардап шеккендерге ар­наулы әлеуметтік қызмет көр­се­ту үшін отбасын қолдау орта­лық­тарын құру және олардың жұ­мы­сын жандандыру заңнамалық тұр­ғыдан бекітілді. Қазіргі уақыт­та Қазақстанда 68 отбасын қол­дау орталығы жұмыс істейді. 2026 жылға таман олардың саны 231-ге жеткізілмек. Шалғай ау­дан­дарда да ашу белгіленген. Кри­зистік орталықтардан айыр­ма­шылығы, келеңсіз жайттар­дың алдын алуға бағытталған. Заңнамалардың тағы бір ерек­шелігі, кәмелетке толмағандар­ды жәбірлегені, яғни буллинг үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту бірінші рет енгізілді. Білім беру ұйымдары жасөспірімдер жа­саған немесе олар зардап шеккен әрекеттер туралы құқық қорғау органдарына дереу ха­бар­лауға міндетті. Агрессияға бой алдырып, үйдің берекесін ке­ті­ріп, отбасы мүшелерінің құтын қашырған адам 20 күнге қамауға алынады. Бір таңғалдыратыны, жұбайынан қанша қорлық, қоқан-лоққы көрсе де, шыдап отыра беретін, үнсіз көндігетін әйелдер әлі де баршылық. Тіпті кейбірінің күйеуі әйелін ұруға құқығы бар деп санайтынын қайтерсің? Менің пі­кірімше, жәбірленуші еш­нәрседен қорықпай, өзін батыл ұстауы қажет. Әйтпесе, болары болып, бояуы сіңгеннен кейін, сынған ке­сенің жамауға келмейтіні сияқты, отбасы бірлігін сақтап қалу қиын­ға түседі. Ұсыныл­ған түзетулер бойынша зардап шегушілердің өтінішінсіз, яғни зорлық-зомбылық жасау фактісі негізінде, әкімшілік құқық бұзу­шы­лық тура­лы істер қозғай ала­ды. Хаттама толтыру үшін оқиға болған жерді қарап, тексеру хат­тамасын толты­рып, жәбірленушіден түсінік­теме алса, куәлар­дың айғақтары болса, жеткілікті. Бір жылдың ішінде қайталап та­туластыру рә­сімі алынып тас­тал­ды. Петро­павлдың бір тұрғы­ны полицияға хабарласып, үйде жанжал шы­ғар­ған күйеуінен қор­ғауды сұра­ған. Сот отырысында әйелі күйе­уінің түзелемін деген уәдесіне се­ніп, кешірім жасаған. Алайда отағасы сөзінде тұрмаған. Ота­насының қайтадан поли­цияға жүгінуіне тура келген. Әкімшілік өндіріс жүргізу кезінде ер адам­ның мас күйде жанжал шы­ғарғаны анықталған. Бір қы­зығы, әйелі бұл жолы да тату­ласқысы келген. Бірақ сот қаулы­сына сәй­кес, отбасылық жанжал үшін ер адам әкімшілік қамауға алынды. Заңды қатаңдату отба­сындағы зорлық-зомбылық фак­тілерін айтарлықтай төменде­туге игі әсерін тигізеді деген үміт мол

Қоғамның басты дертіне ай­налған бұл мәселемен жұртшылық болып күрескенде ғана ең­сере аларымыз анық.

Сәуле СҰРАҒАНОВА,

облыс бойынша балалар, отбасы және әйелдер құқығы жөніндегі уәкіл.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp