«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Көрер жарығы бар екен

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ақжар ауданында жұмыс іс­теп жүрген 20 жастағы жігіттің үс­тіне бал­шық құлап кетті. Ауру­ха­наға ауыр халде түскен зардап ше­­гу­шіні дәрігерлер аман алып қалды.

Оқиға 11 маусым күні болған. Ақжар аудандық ауруханасының мамандары облыстық көпбейінді ауруханаға хабарласып, ауыр сырқат түскендігін айтқан.

“Ақжарлық әріптестеріміз ер адам бас сүйек-ми жарақатын алуы мүмкін, кеудесі қысылған, мидың гипоксиясы тіркелгендігін айтты. Жігіт біршама уақыт топы­рақ астында жатып қалған. Ол бірден аудандық ауруханаға жет­кізіліп, алғашқы көмек көрсетілді. Реаниматологқа кеңес бердім, қандай ем-дом жүргізу керектігін айттым, өйткені сол уақытта сыр­қаттың жағдайы оны жедел түр­де облыс орталығына жеткі­зуге мүмкіндік бермеді. Сол себепті аудандық ауруханада өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды. Ал екінші күні жағдайы тұрақталғаннан кейін санавиа­ция арқылы облыстық ауруха­на­ға жеткізілді”, – дейді облыс­тың штаттан тыс бас анестезио­лог-реаниматологы Сергей Ишин.

Облыстық ауруханаға жеткі­зілген кезде сырқаттың жағдайы ауыр бол­ған.

“Консилиум құрылып, барлық қа­жетті зерттеу, соның ішінде то­лық КТ жасалды. Тексеріс басми жа­рақатын көрсетпеді, алай­да қа­бырғалары сынып, кеуде қуы­сы­на зақым келген, екі жақты пнев­мо­ния диагнозын қойдық. Сырқат алты тәулік бойы жан­сақтау бөлі­мінде жатты. Қазіргі уақытта есін жиды, өздігінен дем алып жатыр. Пульмонология бө­ліміне ауыс­тыр­дық”, – дейді Сер­гей Ишин.

Облыстық полиция департа­менті қазіргі уақытта осы фактіге қатысты тергеп-тексеру іс-шараларын жүргізіп жатыр.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp