«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Үздік журналистер

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірімізде жыл сайын қазақ тілін дамыту және оның қолданыс аясын кеңейту мақсатында “Мемлекеттік тіл және бұқаралық ақпарат құралдары” атты байқау ұйымдастырылады. Биылғы дәстүрлі шараға 8 қатысушы өз туындыларын жіберіпті.

– Бұл байқауға қатысушылар­дың арасында аудандарда қызмет ететін тілшілердің көбейіп отыр­ға­ны қуантады. Алдағы уақытта оның ауқымын кеңейтуді, талап­кер­­лер қатарын ұлғайтуды жос­пар­лап отырмыз, – дейді облыс­тық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының бө­лім басшысы Ернияз Сұлтан.

Марапат иесі атанғандардың бірі – “МТРК” телеарнасының тіл­шісі Ақжүніс Мұқатай. Жас жур­налист өткен жылы 2-ші орын иеленсе, биыл Алғыс хатпен ма­рапатталды.

“Өткен жылы қазақ тілін үйрету курсы туралы материал әзірлеген едім. Биыл қазылар алқасына оқушылардың қазақ тілінде тап­сыратын емтиханы жайлы сюже­тімді ұсындым. Мұндай байқау­лар­дың жиі өткізілгені дұрыс деп ой­лаймын”, – дейді Ақжүніс Мұқа­тай.

Байқауға қатысқан жүлдегер мен жеңімпаз атанғандардың еш­қайсысы құр қол кеткен жоқ. Бар­лығына бағалы сыйлықтар табыс етілді. “Үздік мақала” номина­ция­сы бойынша І орын Болат Амринге бұйырса, ІІ орынды Қайрат Дүй­сенбі алды. “Үздік теле және ра­диобағдарлама” аталымы бо­йынша І орынды Сәлима Базар­бекова жеңіп алса, ІІ орынға Нұр­асыл Ахмет қол жеткізді.

Самрат ҚҰСКЕНОВ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp