«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Денесі табылды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда Есіл өзеніне шомылуға барып, батып кеткен 10 жасар баланың денесі сегіз күннен кейін табылды.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, суға кеткен баланың денесін іздеуге 22 маусым күні таңғы сағат 8:30-дан кете 12 құтқарушы, екі арнайы техника, ұшқышсыз ұшатын аппарат және еріктілер шыққан. Сол күні сағат 16:00 шамасында 2014 жылы туған Саймухиддиновтың денесі Петропавлдан шамамен 20 шақырым жерден, Соколовка елді мекені маңынан табылып, судан шығарылды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

Естеріңізге салайық, 14 маусым күні 10 жасар бала достарымен бірге Петропавлдың Зайсан шағынауданы жанында Есілге шомылуға барған. Ойын қызығымен жасөспірім иірімге түсіп, батып кеткен.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp