«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тарихи жолдама

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жерлесіміз Амир Закиров брейкингтен Париж Олимпиадасына барады.

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, Будапештте өткен іріктеу турнирінің қорытындысы бойынша жерлесіміз Амир Закиров Париж ойындарына жолдама алған. Ол финалға дейін жетіп, ақтық сында Нидерланды өкілінен жеңілді. Осылайша екінші орынмен қатар, олимпиадалық квота иеленіп отыр. Үшінші орынды Оңтүстік Корея спортшысы еншіледі.

Екі іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша Амир Закиров 71 ұпай жинады (Шанхайда ол 15-орын алған). Жалпы есепте қазақстандық спортшы алтыншы орыннан көрінген.

Айта кетелік, брейкинг Олимпиада бағдарламасына алғаш еніп отыр. Демек, жерлесіміз үшін бұл тарихи жолдама саналады. Ол аталған спорт түрінен Қазақстан намысын қорғайтын тұңғыш спортшы болмақ.

Әсет ҚАНАФИН.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp