«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 27.06.2024

Жұмыс кестеге сай

Облыста көктемгі тасқын судан кейін ин­фрақұрылымды қал­пына келтіру, үйлерді жөндеу және тұруға жарамсыз баспаналар­ды бұзу жұмыстары қар­қынды жүргізілуде. Өңір басшысы Ғауез Нұр­мұ­хам­­бетов Қызылжар ауда­нын­да­ғы Тепличное, Петро­павл­­дағы Был­­ғары зауыты және Зареч­ный кентте­рінде, Ойқала ша­ғын­ауда­нында болып, үйлерді жөндеу жә­не апат­ты жағдай­дағыларын сүру ба­ры­сын тек­сер­ді. Бұл шаралар­ды уа­қы­­ты­лы әрі сапалы атқару ау­­дан­да ар­найы жасақталып, кө­мек­­ке кел­­ген механикалық бри­га­да­лар­ға …

Жұмыс кестеге сай Read More »

Жолға бөлінген қаржы қыруар, бірақ нәтижесі көңіл көншітпейді

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетовтің төралығымен облыстық әкімдіктің отырысы өтті. Жиында екі мәселе талқыланды. Алғашқысы – елді мекендердегі автожолдарды жөндеу болса, екіншісі – шомылу мау­сымындағы тұрғындардың қауіпсіздігі. Мемлекет басшысының норма­тивті жағдайдағы автожолдардың үлесін 95 пайызға жеткізу тапсыр­масын орындау мақсатында облыста кешенді шаралар қолға алынған. Бүгіндері Еленовка-Арықбалық-Чистополье-Есіл тас жо­лының Салқынкөл ауылы ма­ңында көпір құрылысы жүріп жатыр. Андреевка-Бостандық, …

Жолға бөлінген қаржы қыруар, бірақ нәтижесі көңіл көншітпейді Read More »

ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРҒА НАЗАР ДА ЕРЕКШЕ

“AMANAT” партиясы облыстық филиалы жанын­дағы отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәсе­лелері жөніндегі өңірлік кеңестің отырысында инклю­зивті қоғам құру мәселесі қаралды. Өңірдегі аутизм орталығын­дағы кезек мәселесі өзекті тақы­рыптардың біріне айналған. 2023 жылдан бастап орталық екі ауы­сымда жұмыс істей бастағанына қарамастан, 253 бала әлі де ма­мандандырылған психологиялық-педагогикалық қолдауға мұқ­таж. Жалпы өңірде 723 бала ау­тизммен ауырады. Облыстық білім …

ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРҒА НАЗАР ДА ЕРЕКШЕ Read More »

Әлеуметтік бағдарланған бюджет

Облыстық мәслихаттың кезекті 15 сессия­сында 2023 жылға арналған облыстық бюджеттің атқа­рылуы туралы мәселе қаралып, облыс әкімінің орын­басары Қанат Дүзелбаевтың баяндамасы тыңдалды. Баяндамашы әлеуметтік бағ­дарланған бюджет қаражатының бірінші кезекте өңір тұрғындары­ның әл-ауқатын жақсартуға, атап айтқанда, әлеуметтік қол­дауға, денсаулық пен білімге ба­ғыттал­ғанын атап өтті. Облыстық бюджеттің атқа­рылу қорытындысы тақырыбын­да тексеру комиссиясының төр­ағасы Қайрат Сейітқожаев сөз сөйледі. Облыстық …

Әлеуметтік бағдарланған бюджет Read More »

ҚАЛАМГЕР ҺӘМ ҚАЙРАТКЕР

Жазушы, журналист, қоғам қайраткері Жарасбай Сүлейменовтің 75 жасқа толған мерейтойына арналған шаралар легі жалғасуда. Мерейтой қарсаңында М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде “Азамат. Қайраткер. Қаламгер” атты “дөңгелек үстел” отырысы өтті. Шараға мерейтой иесінің замандастары, ізбасар шәкірттері, университет оқытушылары, студенттер мен оқушылар қатысты. Оқу орнының инновациялар және интернационалдандыру мәселелері жөніндегі басқарма мүшесі Айгүл Нұрпейісова жазушыға игі тілегін …

ҚАЛАМГЕР ҺӘМ ҚАЙРАТКЕР Read More »

Ақпарат жүгін арқалаған

Қиындығы мен қызығы мол журналистиканың есігін екінің бірі еркін ашып кіре алмайды. Ал табалдырығын бір аттаған екенсіз, онда бар болмысыңызбен осы салаға бет бұрып, ақпарат ісі жай ғана кәсіп емес, өмір салтыңызға айналып кетеді. Біздің кейіпкеріміз де жас шағында осы саланың тізгінін ұстап, күні бүгінге дейін медианың маңайында қызмет етіп келе жатқан жан. Жыл өткен …

Ақпарат жүгін арқалаған Read More »

Дәрігерге жазылу жеңілдеді

Сізге бірінші кезекте алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйым­дар­дың (МСАК) біріне тіркелге­ніңізді тексеру қажет. Бұл жерде клиника немесе емхана медици­налық сақтандыру қорының жеткі­з­ушісі болуы керек екенін есте ұстаған жөн. Егер сіз әлі МСАК-қа тіркелмеген болсаңыз, оған уақыт тауып, міндетті түрде тіркелуіңіз керек. Онсыз сіз дәрігерге тегін көріне алмайсыз, қажетті диаг­нос­тикадан өте алмайсыз, медициналық көмектің басқа …

Дәрігерге жазылу жеңілдеді Read More »

БІР АУЫЛДАН АТТАНҒАН ТАЛАЙ БОЗДАҚ…

Есімдері елімізге танымал ғалымдардың, әскери тарихшылардың, журналист-жазушылардың, сая­сат­танушылардың қатысуымен Есіл ауданы, Ақтас ауылында өткен республикалық ғылыми-та­­ным­­дық конференцияға “Қазақ жауынгерлері ­­Ұлы Отан соғысында” тақырыбының алынуы кездейсоқ емес. Әлемдік, отандық сарапшылар келтірген деректерге қарағанда алты жыл бойы төрткүл дүниенің астаң-кестеңін шығарған екінші дүниежүзілік соғыс қасіреттілігі жағынан бұ­рын-соңды болмаған орасан ауқымдылығымен сипатталады – үш құрлықты, 40 мемлекетті қам­тып, …

БІР АУЫЛДАН АТТАНҒАН ТАЛАЙ БОЗДАҚ… Read More »

Кірісті арттыру жолдары

Қаржылық тәуелсіздікке қол жеткізуде инвестициялау мен пассивті кірістер үлкен маңызға ие. Азаматтарға инвестиция­лау­дың ең танымал тәсілі депозиттер болып тұр. Қазір Ұлттық банк ақша-кредит сая­сатын жетілдірді. Оған зер сал­сақ, базалық мөлшерлеменің бір­тін­деп төмендегені көрінеді. Негі­зінде, базалық мөлшердің төмен­деуі несие және депозиттер бо­йынша ставкалардың төменде­уіне алып барады. Қазір инвес­ти­циялаудың басқа әдістері өзекті. Оның бірнеше балама құралы бар. …

Кірісті арттыру жолдары Read More »

Жасанды түсік жасатқан жеткіншектер көбеюде

Өңірде былтыр 6 мыңға жуық әйел босанса, соның 46-сы – кәме­лет жасына толмағандар. Биыл­ғы бес айда 7 жасөспірім қыз өмір­ге нәресте әкелген. Өңірлік коммуникациялар қыз­метінде халықтың репро­дук­тив­ті денсаулығын қорғау ап­талы­ғы­ның басталуы туралы бас­пасөз конференциясы өтті. Об­лыстық перинаталдық орталық директо­ры Елена Калюж­ная­ның айтуын­ша, қазіргі уақыт­та облыс­та 15-49 жас аралығын­да шама­мен 116 мың­нан астам әйел тұра­ды. Олар­дың …

Жасанды түсік жасатқан жеткіншектер көбеюде Read More »

Ұстаздарыммен мақтанамын

Бұл оқиға осыдан 70 жыл бұрын болған. Маған 1954 жылдың маусымында Смирнов орта мектебін үздік аяқтағаным туралы кәмелеттік аттестат пен күміс медаль табысталды. Оқу жылын мектептің бір қазақ және бес орыс сыныбы ( 140 тан астам бала арасында 10 шақты қазақ баласы да болды) бітірді. Ұлы Отан соғысы жеңіспен аяқталғалы бірінші рет орта білімді түлектерді …

Ұстаздарыммен мақтанамын Read More »

ҒАБЕҢНІҢ ДОМБЫРАСЫ

Ғабит Мүсіреповтің музей-үйіндегі қастерлі жәдігерлердің бірі – домбыра. Музей директоры Клара Кашаеваның айтуынша, Ғабең қалың ойға шомып отырып шығармашылықпен айналысқанды жақсы көрген. Жазу үстелінен босағанда қолына домбырасын алып, әртүрлі әуендерді салады екен. Домбыраның қақпағында “Халықты ғажайып шығармаларымен сусындатып отырған қадірлі Ғабеңе! 70 жасқа толған торқалы тойыңызға тарту. КСЭ коллективінен. Март 1972 жыл” делінген жазу бар. …

ҒАБЕҢНІҢ ДОМБЫРАСЫ Read More »

Өлеңнен тапқан бақытын

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада теріскей өңірде айтыстың дамуына сүбелі үлес қосқан ақын Уахит Темірбековтің туғанына 120 жыл толуына орай “Өмірді өлеңімен өрнектеген ақын” атты еске алу шарасы өтті. Игі іс-шараға ақынның көзін көргендер мен кітапхана оқырмандары қатысты. Уахит Әбжанұлы 1904 жылы Петропавл округіне қарасты №12 Қуандық ауылында туған, бұл жерді жергілікті жұртшылық “Бөрілі” …

Өлеңнен тапқан бақытын Read More »

КӨҢІЛДІ ДЕМАЛЫС

Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының өкілдері осымен үшінші жыл қатарынан жеткіншектерге арнап жазғы лагерь жобасын ұйымдастырды. Бір ерекшелігі, осы жолы облыс орталығында көктемгі су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардың балалары болды. Олар сегіз күн бойы қаламыздың небір әсем жерлерін аралап, түрлі этнос өкілдерінің мәдениетімен танысты. “Апат кезінде қиындық көрген балалардың демалыстарын мейлінше қызықты әрі тиімді өткізулері үшін …

КӨҢІЛДІ ДЕМАЛЫС Read More »

ЕҢ КӨП ЖОЛДАМА — БОКСШЫЛАРДА

XXXIII жазғы Олимпиада ойындары – Қазақстанның тәуелсіз ел ретінде қатысқалы отырған сегізінші жазғы Олимпиадасы болмақ. Әзірше Қазақстаннан 70 спортшыда 80 лицензия бар, жазғы ойындарға 45 спортшы бірінші рет қатысады. Жолдаманың ең көбін боксшыларымыз (10 лицензия) жеңіп алған. Парижге баратындардың ішінде ең тәжірибелісі – 31 жастағы Владислав Яковлев (академиялық ескек есу), ол 2012 жылғы Лондон Олимпиадасынан …

ЕҢ КӨП ЖОЛДАМА — БОКСШЫЛАРДА Read More »

Жоғалған бала

Қызылжар ауданы Бәйтерек ауылында 5 жасар бала ойнап жүріп, үйден алыстап кеткен. Әке-шешесі өздігінен таба алмағандықтан, полицейлердің көмегіне жүгінуге мәжбүр болыпты. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ауыл тұрғыны “102” телефонына қоңырау шалып, 5 жасар қызының жоғалғанын хабарлады. Ата-анасы, туғандары төңіректі қарап шыққан, бірақ баланы таппаған. Аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы дереу іздеуге кірісті. Ауыл …

Жоғалған бала Read More »

Қырық жасында жеке куәлік алды

Қырық жастағы тұрғын алғаш рет Жамбыл аудандық полиция бөлімінің бастығы Асан Мейрамовтың қолынан жеке куәлік алды. Ол наурыз айында азаматтарды бірыңғай қабылдау күні аясында полицияға жүгінген. Анықталғандай, ол анасынан ерте айырылған, ал туу туралы куәлігі тоғыз жасында жанып кеткен екен. Әкесі құжаттандыру мәселесімен айналыспаған. Біздің облысқа көшіп келген ол құжаттарды қалпына келтіруді қолға алған, алайда …

Қырық жасында жеке куәлік алды Read More »

КӘСІБІ ӨРГЕ БАСЫП, ТАБЫСЫ АРТТЫ

“Қарызсыз қоғам” жобасы аясында білім алып, бизнес-жоспарын сәтті қорғаған Мамлютка қаласының тұрғыны Әлфия Бекчентаева қазіргі таңда бизнесін кеңейтіп, табысын екі есеге арттырған. 2021 жылдан бастап ет өнімдерін сатумен айналысып келе жатқан кәсіп иесінің бұған дейінгі орташа табысы шамамен 300 мың теңгені құраған. Кәсібін әрі қарай дөңгелету үшін шағын ғимаратты жалға алғанымен, ай сайынғы шығындары және …

КӘСІБІ ӨРГЕ БАСЫП, ТАБЫСЫ АРТТЫ Read More »

Әр мұғалім зерттеуші болуы керек

Қазіргі таңда білім беру жүйесінде педагогтың зерттеушілік қабілеті маңызды рөл атқарады. Заман талабына сай жаңашылдықтар мен өзгерістерге бейімделу, білім беру саласында заманауи әдістемелерді енгізу және оқыту процесін үнемі жетілдіру қажет. Осы тұрғыда педагогтың зерттеушілік қабілеті – өзекті мәселелердің бірі. Зерттеушілік қабілеттің мәні – педагогтың жаңа білім мен ақпараттарды іздестіру, оларды талдау және қолдану ерекшелігімен сипатталады. …

Әр мұғалім зерттеуші болуы керек Read More »

Ойыннан өрт шықпасын

Өртке қатысты ста­тистикалық мәлімет­терге көз жүгіртсек, адам жанына қаяу түсіре­тін небір келеңсіз фактілерді кездестіруге бола­ды. Тілсіз жау салдарынан жыл сайын елімізде 370 адам көз жұмады екен. Былтыр Абай облысы­ның “Семей-орманы” ре­зерва­тын­да асау аттай бас бермеген өрт 14 ор­маншы мен бір трак­торшыны мерт қылғанын ұмыта қойған жоқпыз. Ор­ны толмас осы­нау зіл­бат­пан қасіретке байла­нысты ел тарихында ал­ғаш …

Ойыннан өрт шықпасын Read More »