«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРҒА НАЗАР ДА ЕРЕКШЕ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“AMANAT” партиясы облыстық филиалы жанын­дағы отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәсе­лелері жөніндегі өңірлік кеңестің отырысында инклю­зивті қоғам құру мәселесі қаралды.

Өңірдегі аутизм орталығын­дағы кезек мәселесі өзекті тақы­рыптардың біріне айналған. 2023 жылдан бастап орталық екі ауы­сымда жұмыс істей бастағанына қарамастан, 253 бала әлі де ма­мандандырылған психологиялық-педагогикалық қолдауға мұқ­таж. Жалпы өңірде 723 бала ау­тизммен ауырады.

Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Дина­ра Анафинаның айтуынша, жыл­дың соңында “Береке” шағын­ауданында салынып жатқан №2 арнайы мектеп-интернат қолда­нысқа берілгеннен кейін сол жер­де аутизм орталығын ашу жос­парда бар.

– Мүгедектерге арналған кө­тергіш саты орнату туралы қоры­тын­ды алынды. Сондай-ақ 3-ші қабатта 570 шаршы метр аумақ анық­талды. Балалармен 17 ма­ман айналысатын болады. Олар бір лекте 50 баланы қамти ала­ды. Орталыққа жыл сайын 43 млн. теңге бөлінбек. Оның ашылуымен біз кезек мәселесін түбегейлі шешеміз, – деді Ди­нара Анафина.

Кеңес барысында мүгедек адамдарға арналған нысандар­ды бейімдеу, оларды жұмысқа ор­наластыру және халықтың әлеу­меттік осал топтары санатында­ғы балалардың жазғы демалы­сын ұйымдастыру мәселелері де талқыланды. Облыстық жұмыс­пен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бас­қармасы басшысының орынба­са­ры Татьяна Береская 2027 жылға дейін ерекше қажеттілік­тері бар азаматтар үшін 773 білім беру, денсаулық сақтау, мәде­ниет, спорт, мемлекеттік орган­дар және басқа да объектілерді бейімдеу жоспарла­нып отырға­нын айтты. Мүмкіндігі шектеулі адамдарды қолдау мақ­сатында атқарылған жұмыстар да аз емес. Осы жылдың басы­нан бас­тап мүмкіндігі шектеулі 201 жан жұмысқа орналас­тыры­лып, 50 адам “Бастау бизнес” жобасы бо­йынша оқудан өтіп, өз істерін аш­қан.

Мамандардың сөзінше, осы жазда халықтың әлеуметтік осал топтарынан 16644 бала сауық­тыру мен демалыстың барлық түрлерімен қамтылған. Олардың қатарында жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қам­тылған, көпбалалы отбасылар­дан шыққан және өмірлік қиын жағдайға тап болған балалар мен мүгедек жандар бар.

Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp