«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕҢ КӨП ЖОЛДАМА — БОКСШЫЛАРДА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

XXXIII жазғы Олимпиада ойындары – Қазақстанның тәуелсіз ел ретінде қатысқалы отырған сегізінші жазғы Олимпиадасы болмақ. Әзірше Қазақстаннан 70 спортшыда 80 лицензия бар, жазғы ойындарға 45 спортшы бірінші рет қатысады.

Жолдаманың ең көбін боксшыларымыз (10 лицензия) жеңіп алған.

Парижге баратындардың ішінде ең тәжірибелісі – 31 жастағы Владислав Яковлев (академиялық ескек есу), ол 2012 жылғы Лондон Олимпиадасынан бері тұрақты түрде қатысып келеді.

17 жастағы Батырхан Төлеуғали (таеквондо) ең жас спортшы болса, ең егде спортшы – 37 жастағы Эльмир Әлімжанов (семсерлесу).

Олимпиаданың іріктеу кезеңдері әлі мәресіне жеткен жоқ.

Естеріңізге салайық, XXXIII жазғы Олимпиада ойындары 26 шілде – 11 тамыз аралығында өтеді. Оған 205 елден 10 500 спортшы қатысады деп жоспарланған. 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Жарыстың ашылу және жабылу салтанаты 78 338 көрерменге есептелген “Стад де Франс” стадионында өтеді. Бұған қоса бұл жерде жеңіл атлеттер сайысқа түседі. Сондай-ақ “Парк де Пернс”, “Пари-Ла-Дефанс Арена”, “Ро­лан Гаррос”, “Париж-Берси”, “Ив дю Ма­нуар”, “Зенит”, “Марсель-Сердан”, “Ле-Бурже”, “Сен-Дени, “Жан-Буэн, “Сена”, “Велодром”, “Версюр-Марн”, “Гран-Пале”, “Версаль” және тағы басқа зәулім кешендер “жан алысып, жан бе­ріскен” айқастарды қабылдауға даяр.

Әсет ҚАНАФИН.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp