«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жұмыс кестеге сай

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыста көктемгі тасқын судан кейін ин­фрақұрылымды қал­пына келтіру, үйлерді жөндеу және тұруға жарамсыз баспаналар­ды бұзу жұмыстары қар­қынды жүргізілуде.

Өңір басшысы Ғауез Нұр­мұ­хам­­бетов Қызылжар ауда­нын­да­ғы Тепличное, Петро­павл­­дағы Был­­ғары зауыты және Зареч­ный кентте­рінде, Ойқала ша­ғын­ауда­нында болып, үйлерді жөндеу жә­не апат­ты жағдай­дағыларын сүру ба­ры­сын тек­сер­ді. Бұл шаралар­ды уа­қы­­ты­лы әрі сапалы атқару ау­­дан­да ар­найы жасақталып, кө­мек­­ке кел­­ген механикалық бри­га­да­лар­ға жүктелген. Олардың құра­­мын­да 600-ден астам адам бар.

Бүгінгі таңда 220 үй бұзыл­ды. Бар­лығы 1972 үй жөндеуді қажет етсе, 700-і қалпына кел­тірілуде.

Ғауез Торсанұлы жауапты бас­шыларға және аудан әкім­дерінің орынбасарларына үй­лерді мұ­қият кептіріп, жөндеуді сапалы жүргізуді тапсырды.

Тұрғын үй мәселесін оң­тай­лы шешу де қатаң бақылауға алын­ған. Жаңадан бой кө­тер­ген “Бір­лік” шағынауда­нында 100 от­басы жаңа баспанаға ие бол­ды. 600 үйдің құрылысы жал­ғасуда, олар кес­­теге сай тап­сырылатын болады.

Нарықтан 450 пәтер са­тып алынды.

Өмір ЕСҚАЛИ,

“Soltustik Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp