«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Кірісті арттыру жолдары

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қаржылық тәуелсіздікке қол жеткізуде инвестициялау мен пассивті кірістер үлкен маңызға ие. Азаматтарға инвестиция­лау­дың ең танымал тәсілі депозиттер болып тұр.

Қазір Ұлттық банк ақша-кредит сая­сатын жетілдірді. Оған зер сал­сақ, базалық мөлшерлеменің бір­тін­деп төмендегені көрінеді. Негі­зінде, базалық мөлшердің төмен­деуі несие және депозиттер бо­йынша ставкалардың төменде­уіне алып барады. Қазір инвес­ти­циялаудың басқа әдістері өзекті. Оның бірнеше балама құралы бар. Олар – депозиттік сертифи­кат, бағалы қағаздар нарығы, монетарлық алтын, инвестициялық монеталар, жылжымайтын мүлік.

Депозиттік сертификат – бұл банк­тен сатып алынатын және оны біраз уақыттан кейін оған баға қосып қайта сатуға болатын баға­лы қағаз (ол автоматты түрде жа­са­лады). Оның бағасын биржа не­месе нарық емес, банктің өзі бел­гілейді. Банк белгілі бір мерзім өт­кеннен кейін клиенттен осы қағаз­ды сатып алып, сыйақы төлейтін­дігіне кепілдік береді. Елде де­по­зиттік сертификатты тек екі ЕДБ ұсы­нады. Оның бірі – Home Credit Bank. Ол сертификат­тар­дың екі түрін ұсынады. 500 мың теңгеден бастап са­тып алған кезде сыйақы мөл­шер­­­лемесі 17,9 пайызға дейін (мер­­­зімінен бұрын бұзылған кезде сыйақы күйіп кетеді). Home Credit Bank сертификатын 12 айдан бастап сатып алуға болады. Өнім­нің қосымша артықшылықтары бар. Күнделікті капиталдандыру – сыйақы төлеу күн сайын жүзеге асырылады. Пайдалануға ыңғай­лы­лығы – сыйақы ағымдағы шотқа немесе дебеттік картаға есеп­теледі.

Келесі – бағалы қағаздарға ин­вести­ция салу. Ол өте құбылма­лы. Сондықтан жаңа­дан бастау­шы­ларға инвестицияның бұл түрі­нің тәуекелі өте жоғары. Қор нары­ғындағы барлық әрекет инвес­ти­ция­­лық брокер арқылы жүзеге асады.

Ұлттық банк сатып алуға алтын­ құй­­ма­ларды ұсынады. Бұл ұзақ мер­зімге тиімді. Макро масштабта алтын әрқашан, тіпті жаһандық эко­номикалық дағдарыс кезінде де ба­ға­­­ланады. Әйтсе де ол қыс­қа мерзімді инвес­тицияға жара­майды. Бір жылдық уақытқа ин­вестициялау кезінде қымбат ме­тал­дар табыс әкелу былай тұр­сын, шығынға айналуы мүмкін.

Инвестициялаудың өте сенім­ді тәсілінің бірі – жылжымайтын мү­лік. Оны инвестициялау бірқатар артық­шылықтарға мүмкіндік бере­ді. Әсіресе жалдау ақысының тұ­рақ­ты кіріс ағы­ны. Сондай-ақ уа­қыт өте келе оның құнының артуы жә­не инфляциядан қорғау арқы­лы капиталдың әлеуеті өсіп тұ­рады.

Әсет ҚАНАФИН.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp