«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӨҢІЛДІ ДЕМАЛЫС

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының өкілдері осымен үшінші жыл қатарынан жеткіншектерге арнап жазғы лагерь жобасын ұйымдастырды.

Бір ерекшелігі, осы жолы облыс орталығында көктемгі су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардың балалары болды. Олар сегіз күн бойы қаламыздың небір әсем жерлерін аралап, түрлі этнос өкілдерінің мәдениетімен танысты.

“Апат кезінде қиындық көрген балалардың демалыстарын мейлінше қызықты әрі тиімді өткізулері үшін ұйым мамандары барлық жағдай жасап бақты. Біз демалыстың әр күнін қызықты оқиғалармен бастауды жөн көрдік. Ассамблея өкілдеріне М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің студенттері көмектесіп, жеткіншектерге алғашқы күннен бастап есте қаларлықтай іс-шаралар ұйымдастырды. Ал демалыстың соңғы күні балалар достық туралы өлең айтып, флешмоб биледі”, – дейді ұйымдастырушылардың бірі Назым Бақтыбаева.

Әсет ҚАНАФИН.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp