«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қырық жасында жеке куәлік алды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қырық жастағы тұрғын алғаш рет Жамбыл аудандық полиция бөлімінің бастығы Асан Мейрамовтың қолынан жеке куәлік алды.

Ол наурыз айында азаматтарды бірыңғай қабылдау күні аясында полицияға жүгінген. Анықталғандай, ол анасынан ерте айырылған, ал туу туралы куәлігі тоғыз жасында жанып кеткен екен. Әкесі құжаттандыру мәселесімен айналыспаған. Біздің облысқа көшіп келген ол құжаттарды қалпына келтіруді қолға алған, алайда түрлі қиындықтарға душар болады.

Бұл мәселені шешуге аудандық полиция бөлімінің құрамындағы көші-қон қызметі тобының қызметкерлері көмектескен. Олар азаматтықты анықтау бойынша ауқымды жұмыс атқарып, көптеген мекемелерден, бұрынғы тұрғылықты жеріндегі көршілерден жауаптар алды. Үш айдан кейін ол өміріндегі алғашқы жеке құжатын алып, полицияға көмек көрсеткені үшін шын жүректен алғысын білдірді.

Игорь МЕРЦАЛОВ,

облыстық полиция департаменті ақпараттық саясат бөлімінің жетекші маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp