«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Әлеуметтік бағдарланған бюджет

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық мәслихаттың кезекті 15 сессия­сында 2023 жылға арналған облыстық бюджеттің атқа­рылуы туралы мәселе қаралып, облыс әкімінің орын­басары Қанат Дүзелбаевтың баяндамасы тыңдалды.

Баяндамашы әлеуметтік бағ­дарланған бюджет қаражатының бірінші кезекте өңір тұрғындары­ның әл-ауқатын жақсартуға, атап айтқанда, әлеуметтік қол­дауға, денсаулық пен білімге ба­ғыттал­ғанын атап өтті.

Облыстық бюджеттің атқа­рылу қорытындысы тақырыбын­да тексеру комиссиясының төр­ағасы Қайрат Сейітқожаев сөз сөйледі.

Облыстық мәслихаттың тұ­рақты комиссиясының төрайымы Сәуле Сұрағанова мен депутат Мақсат Құдратуллаев өткен жыл­ғы бюджеттің атқарылуы туралы есепті бекітуді ұсынды.

2021-2025 жылдарға арнал­ған облыстың даму жоспарын іс­ке асыру туралы экономика бас­қармасының басшысы Қуаныш­бек Қалижанов есеп берді.

Облыстық мәслихаттың депу­таты Бейбіт Сыздықов өңірді да­мыту жоспарының орындалуы жөнінде айтып берді.

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бас­­қармасының басшысы Да­нияр Қуанышбаев облыстың қа­лала­ры мен елді мекендерінің аумақ­та­рын абаттандыру қағи­даларын бекіту туралы шешімге өзгеріс енгізу туралы ұсыныс білдірді.

Сессияда облыстық жер ко­миссиясының жаңа құрамы қа­лыптастырылды.

Халық қалаулылары күн тәр­тібінде талқыланған мәселелерге қатысты тиісті шешімдер қа­былдады.

Қайрат САДЫҚОВ,

облыстық мәслихаттың баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp