«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Маусым 28, 2024

ТЕЛЕМЕДИЦИНА — ТЫҢ ЖОБА

Облыста биыл алғаш рет телемедицина жобасы жүзеге асырылды. Жыл басында қолға алынған жоба аясында 1700-ден астам науқас кеңес алған. Жоба аясында қазақстандық медицина мамандары франциялық дәрігерлерден жаңа саланың қыр-сырын үйренеді. – Біз телемедицина қанатқақты жобасын бірлесіп Солтүстік Қазақстан облысында жүзеге асырып жатырмыз. Осы арқылы шалғайдағы науқастар қалаға келмей-ақ ем ала алады. Жарты жыл бұрын мен …

ТЕЛЕМЕДИЦИНА — ТЫҢ ЖОБА Read More »

ЖАТ ЖЕРДЕ ЖЕРЛЕНГЕН ЖАУЫНГЕР

Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архиві бес жыл бойы тынымсыз еңбек етіп, нәтижесінде Словения Республикасында жерленген қазақ жауынгерінің шын есімін анықтады. Облыстық архивтің мәліметінше, 2018 жылы Словенияның Повир елді мекенінде белгісіз жауынгердің зиратының басына гранит тас орнатылып, оған “Кассе Себеро” деп ойып жазылды. Соғыс кезінде қаза тапқан солдатты жергілікті халық осылай атап кеткен еді. “Повир елді мекені …

ЖАТ ЖЕРДЕ ЖЕРЛЕНГЕН ЖАУЫНГЕР Read More »

Жеңіспен оралды

“Тұмар” би ансамблі – үнемі шығармашылық ізденісте жүретін ұжым. Ансамбль облысымызда ғана өнер көрсетіп қоймай, түрлі деңгейдегі фестивальдер мен байқауларды қалт жібермей, қатысуға тырысады. Осы жолы Грузия елінің Батуми қаласында өткен халықаралық “Golden Fleece” байқау-фестивалінде өнер көрсетіп, керемет нәтижеге жетті. Атап айтқанда 4 гран-при, 3 бірінші орын, 1 екінші орын жеңіп алған. Былтыр бес жылдығын …

Жеңіспен оралды Read More »

Түркі әлемінің алтын жұлдызы

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университе­тін­де Алаш арысына арналған дәс­түрлі “Мағжан Жұмабаев: Тұлға. Әдеби үрдіс және тілтаным” атты халықаралық кон­ференция өтті. Шараға жергілікті зерттеушілермен қатар Түркия, Ресей, Өзбекстан ғалымдары да қатысты. Көзі тірісінде есімі аңызға ай­на­лып, түркі әлеміндегі ерекше құбылыс болған, жаңа замандағы қазақ әдебиетінің қалыптасып, дамуына, ұлтының азаттық жо­лындағы күресіне өлшеусіз үлес қосқан, жан жүрегімен …

Түркі әлемінің алтын жұлдызы Read More »

ТОПТЫҚ КЕЗЕҢ АЯҚТАЛДЫ

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатында топтық кезең аяқталды. Соңғы екі ойын F тобындағы құрамалар арасында өтті. Алғашқы екі матчта ұпайдан шашау шығармаған Португалия футболшылары үшінші турда Грузиямен кездесті. Биыл тұңғыш рет құрлықтық доданың финалдық сатысына шыққан грузиялық құрама жарысты жалғастыру мүмкіндігінен айрыла қойған жоқ еді. Сондықтан азулы қарсыласымен кездесуде тек жеңіс қана оларды плей-офф сатысына …

ТОПТЫҚ КЕЗЕҢ АЯҚТАЛДЫ Read More »

АУЫЛДАҒЫ АМБУЛАТОРИЯ

Өткен жылдың желтоқсан айын­да Айыртау ауданынағы Ло­баново ауылында дәрігерлік ам­булатория ашылды. Бүгінде ме­ди­циналық нысан Лобаново, Шал­қар, Алжан және Заря ауылда­рының 1600 тұрғынына қызмет көр­сетеді. Амбулаториялық қызмет 400-ден астам бала және 300-ге жуық зейнеткерді қамтиды. Бір ауы­сым­да пункт 15 адамды қабыл­дай алады. Онда 2 жатын орын­дық стационар бар. Сондай-ақ ме­дициналық бригаданың тұрғын­дарға жылдам жетуіне де жағдай …

АУЫЛДАҒЫ АМБУЛАТОРИЯ Read More »

Орманшылар бас қосты

Орман шаруашылығы маман­да­рының семинары облыс орта­лығындағы Мещан орманында ұйымдастырылды. Диалог ретін­де өткізілген басқосуда ағашты кесу және оны орманнан шығару мәселесі қозғалып, тұрғын­дарға отын ретінде берудің тәртібі сөз етілді. Қызылжар ауданына қарасты Соколов орман шаруашылы­ғын­да 15 жыл бойы инженер болып еңбек етіп келе жатқан Зада Аманжолова қураған ағаштарды кесу тәртібін түсіндірді. – Қурап, құлаудың ал­дында тұрған …

Орманшылар бас қосты Read More »

Идеологиялық жұмыстарға серпін керек

Облыстық ардагерлер кеңесінің кезекті пленумын ұйым төрағасы Ескендір Елеусізов қуанышты хабардан бастады. Ол жақында Астанада өткен ардагерлердің алқалы жиынынан облыс ардагерлерінің әлеуметтік маңызы бар тәжірибелік жобаларды іске асырудағы жетістіктері үшін берілген Алғыс хатпен оралған болатын. Бірлесе еңбек еткен әріптестеріне ризашылығын білдірген Ескендір Есмақұлы 2023 жылы атқарылған жұмыс нәтижелерін талдауға көшті. Жұмыспен қамту және әлеу­меттік бағдарламалар …

Идеологиялық жұмыстарға серпін керек Read More »

БАСТЫ БАҒДАР – БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Қызылжар өңіріне жұмыс сапарымен келіп, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай және Павлодар облыстарының бизнес өкілдерімен кездесті. Ведомство басшысы ішкі на­­рықты сапасыз өнімдерден қорғау, отандық тауар өнді­ру­шілерді қолдау мемлекеттің ба­сым бағыттарының бірі екенін, жеке кәсіп жүргізуге қолайлы жағдай жасалғанын, әкімдіктер­мен бірлесе сауда нысандарын жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті. Петропавл қаласында …

БАСТЫ БАҒДАР – БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК Read More »

Аспан асты елімен әріптестік

Премьер-министр Серік Жұманғарин бастаған қазақ­стандық делегация жұмыс са­парымен Қытайда болды. Де­легация құрамында облыс әкі­мінің бірінші орынбасары Ма­рат Тасмағанбетов Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы­на сапарлап, Халықаралық “Қытай-Еуразия” ЭКСПО көр­месі мен екі ел арасындағы аймақтық серіктестіктің үшінші форумының ашылу салтана­тына қатысты. Сапар барысында Серік Жұ­манғарин Қытай Коммунис­тік партиясының орталық ко­ми­тетінің мүшесі, партия ко­митетінің хатшысы Ма Син­жуеммен және белгілі компа­ния …

Аспан асты елімен әріптестік Read More »