Премьер-министр Серік Жұманғарин бастаған қазақстандық делегация жұмыс сапарымен Қытайда болды. Делегация құрамында облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданына сапарлап, Халықаралық “Қытай-Еуразия” ЭКСПО көрмесі мен екі ел арасындағы аймақтық серіктестіктің үшінші форумының ашылу салтанатына қатысты.
Сапар барысында Серік Жұманғарин Қытай Коммунистік партиясының орталық комитетінің мүшесі, партия комитетінің хатшысы Ма Синжуеммен және белгілі компания өкілдері – Шандунь провинциясынан “Qily Agro” компаниясының құрылтайшысы Кун мырза, Шэньси провинциясынан “Айдзю Тайынша Май” құрылтайшысы Дзя Хей, “Debont Agriculture Machinery” бас директоры Цюй Фувэй, “Xinjiang Tianye Water Conservation and Irrigation” басқарма төрағасы Чжоу Ганмен кездесті.
Сонымен қатар іскерлік алаңда Марат Тасмағанбетов Солтүстік Қазақстанмен серіктес Шандунь провинциясының губернаторы Чжао Ганмен жүздесті. Кездесу аясында сауда-экономикалық байланысты нығайту және бірлескен инвестициялық жобалар жайлы әңгімелесті.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.