Өткен жылдың желтоқсан айында Айыртау ауданынағы Лобаново ауылында дәрігерлік амбулатория ашылды. Бүгінде медициналық нысан Лобаново, Шалқар, Алжан және Заря ауылдарының 1600 тұрғынына қызмет көрсетеді.
Амбулаториялық қызмет 400-ден астам бала және 300-ге жуық зейнеткерді қамтиды. Бір ауысымда пункт 15 адамды қабылдай алады. Онда 2 жатын орындық стационар бар. Сондай-ақ медициналық бригаданың тұрғындарға жылдам жетуіне де жағдай жасалған. Жалпы амбулаторияда 16 кабинет бар. Олардың бірі – дәріхана.
Дәрігерлік амбулаторияда инфекциология, кардиология, офтальмология, педиатрия, гематология, пульмонология және тағы басқа тексерулерге арналған қажетті жаңа құрылғылар бар. Қазір медициналық нысан кадрлармен толық қамтылған. Жалпы тәжірибелік дәрігер, фельдшер, акушер, медбике және әлеуметтік қызметкер жұмыс істейді. Жергілікті тұрғындар жаңа медициналық нысанның ашылуына дән риза екенін жеткізді.
“Бұған дейін дәрігерге тексерілуге бара қоймайтынмын. Себебі ауылда дені дұрыс амбулатория болған жоқ. Қазір ешқайда барудың қажеті жоқ. Барлығы осы жерде орналасқан. Жаңа заманауи аппараттар да баршылық. Медбикелер – білікті мамандар. Олар сапалы медициналық көмек көрсетеді”, – деді Лобаново ауылының тұрғыны Наталья Мартынова.
Нысанның құрылысына 282 миллион теңге жұмсалды. Ол “Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту” ұлттық жобасы және “AMANAT” партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында салынды. Осындай дәрігерлік амбулатория бүгінде Жамбыл ауданының Кладбинка ауылында да жұмыс істейді. Өткен жылы “AMANAT” партиясының сайлауалды бағдарламасының жол картасы аясында өңірде барлығы 8 медициналық нысан тұрғызылған.
“Бұдан басқа спорт нысандары да салынып жатыр. Өткен жылы Саумалкөл, Пресновка, Явленка және Новоишимовское ауылдарында дене шынықтыру-сауықтыру кешендері салынды. Сондай-ақ Тайынша, Сергеевка және Талшық ауылында хоккей корттары мен 6 шағын футбол алаңы пайдалануға берілді”, – деді “Amanat” партиясы облыстық филиалының ұйымдастырушылық-бақылау бөлімінің меңгерушісі Әсемгүл Қалиева.
Ілияс СӘБДИНОВ,
“AMANAT” партиясы облыстық филиалының баспасөз хатшысы.