«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАСТЫ БАҒДАР – БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Қызылжар өңіріне жұмыс сапарымен келіп, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай және Павлодар облыстарының бизнес өкілдерімен кездесті.

Ведомство басшысы ішкі на­­рықты сапасыз өнімдерден қорғау, отандық тауар өнді­ру­шілерді қолдау мемлекеттің ба­сым бағыттарының бірі екенін, жеке кәсіп жүргізуге қолайлы жағдай жасалғанын, әкімдіктер­мен бірлесе сауда нысандарын жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті. Петропавл қаласында “Южный” және “Әм­бебап сауда орталығы” базар­ла­ры жаңартылғанын мысалға кел­тірді. Биылдан бастап ми­нистр­лік кәсіпкерлерге қайта қал­пына келтіру жұмыстарын жүр­гізуге, сондай-ақ сауда объекті­лерінің инфрақұрылы­мын же­тіл­діруге жәрдемдесетін бола­ды. Соңғы 5 жылда алғаш рет ша­ғын және орта бизнес субъектілері мем­ле­кеттік қол­дауға ие бол­ды.

“Жуырда республикалық бюджет комиссиясында сауда кә­сіпорындарын жаңғырту үшін несиені арзандатуға биыл 4 млрд. теңге бөлу туралы шешім қабылданды. Қазір жобалар ті­зі­мі жасалып жатыр, екінші дең­гейдегі банктермен бірлесіп, бағ­дарламаны жүзеге асыруға да­йынбыз”, – деді Арман Абай­ұлы.

Сонымен қатар шекара маңын­дағы аумақтарды дамыту үшін өңірлерде ілеспе инфрақұ­рылымы бар 5 трансшекаралық хаб құрылады. Трансшекаралық хаб инвесторларды тарту орталықтарына айнала оты­рып, көрші елдерге шикізаттық емес экспортты 30 пайызға ұл­ғайтуға, Қазақстан арқылы өте­тін транзиттік жүк ағынын екі есе арттыруға мүмкіндік береді. Қы­зылжар өңірінде А және В үл­гідегі заманауи қоймалармен қо­са 17 көтерме-тарату орталы­ғын салу жоспарланған. Облыс­та елдегі ірі ауыл шаруашы­лы­ғы өндірушілері шоғырланға­нын, олар ішкі нарықты азық-түлікпен қамтамасыз етіп қана қоймай, экспортқа белсенді түр­де өнім шығаратынын ескерсек, ауыл шаруашылығы өнімдері­нің сақталуына елеулі көмек болары сөзсіз.

Отандық өнімнің бәсекеге қа­білеттілігін арттыру және өнді­ріс жағдайларын біріздендіруде атқарылып жатқан елеулі шара­лардың бірі – қазақстандық та­уарлар реестерін қалыптасты­ру. Заң жобасы Парламент Мә­жілісінің қарауына жіберілген.

Министрдің айтуынша, отан­дық тауарларды рәсімдеу ай­тар­­лықтай жеңілдетілмек. Бұ­дан былай “CT-KZ және ин­дус­триялық” сертификаттарын алу­дың қажеті жоқ. Барлық үрдіс ор­талықтандырылады. Қазақ­стан­дық тауарлар реестерінде тір­келген кәсіпкерлер мем­ле­кет­тік сатып алуға қатыса ала­ды.

Бизнес өкілдерінің қаты­суы­мен өткен жиында шетелден әке­лінетін тауарлармен баға бойын­ша бәсекелесе алмайтын отан­дық тауар өндірушілердің проб­лемасы да қозғалды. Сапа­сыз импорттық тауарлар тара­пынан демпингті болдырмау үшін ми­нистрлік жанынан ар­найы штаб құрылған. Оның жұмысы сау­да­дағы техникалық кедергілерді жоюға, қауіпсіз өнімді кіргізуге жә­не айналымға түсуін қамтама­сыз етуге бағыт­тал­ған. Бүгінгі таңда мемле­кет­тік органдар 1163 бақылау үлгі­сін іріктеп алып, айналымнан мыңдаған сапасыз тауарлар алынып тас­тал­ды. Тамақ өнім­деріне сәй­кес­тік туралы 121 декларацияның күші жойылып, Қазақстан аумағына әкелуге тыйым салынды.

Сауда және интеграция ми­нистрі Арман Шаққалиевтің қа­ты­суымен өткен бизнес қауым­дастықпен кездесу соңында Сауда комитеті мен республи­ка­лық сауда желілері одағы ара­сында ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Құжат іш­кі сауданы дамытуға, қазақ­стан­д­ық тауар өндірушілерді қол­дау­ға және бағаны тұрақтан­ды­руға бағытталған. Меморандум шеңберінде тараптар ұйымдас­қан сауданың үлесін 2027 жылға қарай 54 пайызға дейін ұлғайту жөнінде шаралар қабылдауға, сауда қызметін және бағалар­ды реттеу саласындағы заңна­ма талаптарының сақталуын ба­қылауға, отандық азық-түлік өнім­дерінің сапасын арттыруға жәр­демдесуге келісті.

Министр жұмыс сапары ая­сында “Зенченко және К” ко­ман­диттік серіктестіктің сүт за­уытында, “Қазмясопродукт”, “Раду­­га”, “Зеленый Север” серік­тес­тік­терінің көкөніс қойма­ларын­да, “Aimer” супермаркетінде болды.

Өмір ЕСҚАЛИ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp